Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 5 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Бейсенбі, 29 қараша 2018 17:30

Ұлттық мұраларды тануға қадам

Rate this item
(24 votes)

29 қараша күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 21 қарашада жариялаған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылау мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелге Ш. Кабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай акамедиясының аға оқытушысы, педагогика және психология пәндерінің магистрі Туйганов Мырзабек Сардарович, сондай-ақ филология кафедрасының оқытушысы Арыстан Нуралы Нурланұлы және «Бастауыш білім беру» мамандығының студенті  Дементьев Александр қатысты. Жиын жаратыстыну-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен өтті.

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы біздің бай ұлттық тарихымызды зерттеуге, насихаттауға бағытталған. «Бұл мақала арқылы Елбасы өзінің патриоттығымен, бүкіл әлемге Қазақстанның кім екендігін көрсету арқылы халқымыздың тарихи рухын көтере білді,» - деп Нуралы Нурланұлы өз сөзін қорытындылады. 

«Бастауыш білім беру» мамандығының студенті  Дементьев Александр өз баяндамасында, бүгінгі Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы барша жастардың тарихын тереңінен танып біліп, Отансүйгіштік қасиетінің артуына сөзсіз жоғары идеологиялық тәрбие болмақ. Ұлттық құндылықтарымызды тарих арқылы санамызға жаңғырта бастағанымызға ерекше қуаныштымын. Жастарымыз сонау замандарда Қазақстанның қай түкпірінде болмасын ата-бабаларымыздың тектілігіне тағы да бір көз жеткізетін болды. Елбасы мақаласында жазылған жолдар менің жүрегімді одан сайын нұрландыра бастады. Өйткені тарихымыз бен мәдениетімізді өскелең ұрпақ санасына жеткізу қастерлі міндеттің бірі екендігін атап өтті.

Туйганов Мырзабек Сардаровичтің баяндамасында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы ұлттық мұраларымызды терең тануға серпін беретін үлкен тарихи мәнге ие өсиет болып табылатындығы айтылды.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Әсіресе, Ұлы Даланың ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің қайнар бұлағы», – деп атап айтқан жолдары рухани жаңғырудың негізі еліміздің өнері мен мәдениетінің қайнар көзі ұлттық күйлері мен ән-жырларымыз күн сайын санамызда жаңғырып тұруы тиіс. 

Еліміздің ұлан байтақ жері мол қазынаға толы әрі бастау бұлағы десек асыра айтқандық емес. Ал енді ғана жазылған «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында келтірілген деректер мен дәйектер, құндылықтар мен мәдени мұралар ұлтымыздың әлем өркениетіндегі орынын айшықтауға бағытталған ауқымды қадам болды деп ойлаймыз.

Ералина А.Е.

 

Read 3043 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео