Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Бейсенбі, 15 қараша 2018 18:11

«Мен, сен, ол- бірге тату отбасы!»

Rate this item
(1 Vote)

 

15 қараша күні Халықаралық толеранттылық күні қарсаңында Қостанай педагогикалық колледжінде толеранттылық күні өтті.

 

Бұл іс-шараның ұйымдастырушылары «мектепке дейінгі білім беру»  бөлімінің  мұғалімдері мен студенттері  болды. Колледж қабырғасында махаббат пен достық туралы әндер шырқалып , әр қалаушы өз тілектерін «Толеранттылық тақтасына» қалдыра алды.

 

Күн салтанатты жиыннан басталды, оның барысында студенттер, мұғалімдер мен колледж қызметкерлері осы күнді тойлаудың тарихи негіздерімен танысты. B-12 тобының талантты қыздары әр түрлі елдердің ұлттық билерін басқа қатысушыларға ұсыну арқылы, басқа ұлттардың мәдениетіне толерантты қарым-қатынас идеясын көрсете алды. Күн ішінде «достық үйінің тұрғындары» қатысқан бірқатар іс-шаралар өткізілді, мұғалімдерге топтағы студенттерге эмоционалдық қолдау ретінде берілетін жарқын шарлар ұсынылды, үзіліс кезінде В-32 және Т-41 тобының студенттері достық қарым-қатынас, ынтымақтастық және өзара түсінушілікті дамыту үшін ойындар өткізді.

 

Толеранттылық күні  аясында «Толеранттылық - әлемнің мәдениетіне бастау жол» атты фотоконкурс өткізілді.Конкурстың қатысушылары шығармашылық және бастамашылдық танытты, олардың фотосуреттерінде толерантты әлемнің көрінісі бейнеленген. Байқаудың қазылар алқасы жеңімпаздарды тағайындады,В-22 тобының студенті Золотарева Алина -3 орын иегері, мектепке дейінгі білім беру бөлімінің мұғалімі Кострова Л.Ю. -2 орынға , У-21 тобының студенті Кругляк Юлия - 1 орынға ие болды.

 

Күн «Мен сені ұнатамын!» атты акциясымен аяқталып,  барлық  қалаушылар «мақтау жүректерін» бір-біріне сыйлай алды.

 

Толеранттылық күнін өткізу біздің колледжіміздің жақсы дәстүріне айналды.

 

Қостанай педагогикалық колледжінің

 

мұғалімі

 

 Костова Л.Ю

 

  

Read 1113 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео