Зал халыққа толы болды.
Іс - шараны ұйымдастырушылар мен әртістер өздерінің ерекше белсенді тәсілдерімен, театрландырылған қойылымдардың классикалық канондарын колдай отырып көрермендерді қуантты. Сюжет қарапайым, бірақ қазіргі заманға сай, біздің өмірімізге жақын көрінеді, ал кейіпкерлердің сөйлеу мәнерлері көңілді әзілдерге, дәйексөздерге және сленгті сөздерге толы. Ертегінің басты кейіпкерлері әсерлі әрі көңілді, ал жағдайлар ойландырарлықтай және заманауилықпен қарама – қарсы. Мыстан кемпір рөліндегі кейіпкер О.Смирнова көрерменді әртүрлі көңіл – күйге түсірді, ол негізінен алаяқ және ашулы мыстан, бірақ шын мәнінде әйел бақытынан айырылған жан. Жауыз, Василиса, Иван және Мыстан кемпір рөліндегі әртістер көрерменнің көңілін аулау үшін, ертегіні жандандыру үшін және әзіл өтімді болу үшін жиі сахнадан көрермен залына қарай шығып отырды. Басқада ертегілер сияқты осы ертегіде ақылды Василиса мен мейірімді бірақ пайдасыз Иванның, ақымақ Жауыз бен қызықты Мыстан кемпірдің тойымен аяқталды. Дегенмен, өмірде мұндай өте жиі кездеседі. Көрермендер көңілді көңіл – күймен, езулерін тартып, алғыс айтып тарады.
Әртістер мен театр ұжымының біздің студенттермен осындай кездесулері жиі болып тұрады.Технология дамыған заманда жас ұрпақ тірі әрі эмоцианалды іс – шараларды тамашалағысы келеді, осы арнада Орыс драма театры және Д – 41 тобының кураторы студенттерді қанағаттандырады.
Жаратылыстану-гуманитарлық пәндер кафедрасының мұғалімі
Рихтер О.А.