Білім алушылардың каллиграфиялық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық, қоғамдық, тәрбиелік мәні өте зор.
«Рухани жанғыру» бағдарламасы аясында, Қостанай педагогикалық колледжінің бірінші және екінші курс студенттерінің аралығында «Ең көркем жазу» сайысы өтті. Бұл сайысты ұйымдастырушы «педагогика және психология» кафедрасының оқытушылары сайыстың жалпы ережесін құрып, негізгі мақсаттарын анықтады. Студенттердің каллиграфиялық жазуын қалыптастыру, әріптердің графикалық формаларын көркем етіп жазуға жаттықтыру мақсатында жүргізілген жұмыстар арқылы, студенттердің бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпал ету.
Жалпы таза, сұлу жазылған жазба жұмыстар оңай, тез оқуға мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар көркем жазу ұқыптылыққа, тыңғылықтыққа, еңбек сүйгіштікке баулиды.Осы қағидаларды ұстана отыра оқытушылар сайыс жұмыстарын тексеру критериилерін анықтап,жазба жұмыстарына үлкен талап қойды.
Әр сайыстың өз жеңімпазы болатыны анық. Осы жолы да бұған көз жеткізіліп, студенттер грамоталармен марапатталды. Касенова Сабина (1 курс)- 1орын, 2 курс студенттері: Пшембаева Динара және Сагимбаева Маржан- 2 орын; ал Аргингазина Айгүл; Нургалиева Асель және 1 курс студенті Баяхметова Айжандар- 3 орынды иеленді.
Педагогика және психология кафедрасының оқытушысы
Боханова А.Б., Абдулина Г. З.