«Жаңартылған мазмұны бойынша 4, 9, 10 сыныптарға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік материалдарды педагогикалық қоғамдастығымен таныстыру және талқылау» семинары өтті.
Семинарға 600 мұғалім қатысты. Білім беру департаменті Қостанай облысындағы педагогикалық қоғамдастықтың үздік өкілдерінің кездесуін ұйымдастырды, оған : педагогтар, әдіскерлер, қазақ баспасының өкілдері: Atamura, Мектеп, Арман-ПВ, Жазушы, Express Publishing, Macmillan Education, Oxford University Press және тағы басқалары , 4, 9, 10 сынып оқушыларына арналған оқулықтарды талқылап,баға беру және де ұсынылған оқулықтар мен оқу құралдарын жетілдіру үшін ұсыныстар мен ой-пікірлерімен бөлісті.
«Бұл кездесудің маңыздылығы – әрбір оқушының білімге деген құмарлығын арттыру және де мұғалімнің мектептегі жұмысын шығармашылықпен байланыстыру. Бұның бәрі қолымыздан келеді және де білім беру жүйесін дамыту үшін барлық жағдайлар жасалған», - деп ҚР БжҒМ «РҒКО Учебник » мемлекеттік кәсіпорнының зертханасының меңгерушісі Л.З.Байымбетова өз пікірімен бөлісті.
АКТ бойынша директордың орынбасары
Кубжасарова Ж.И.