Биылғы Жаңа жыл мерекесі өзгеше болғанын атап өткен жөн, неге десеңіз, біздің жеке бөлім ретінде қалыптасқанымызға онша көп уақыт өте қойған жоқ, біз осы бір аз мерзім ішінде қашалықты есейгенімізді байқадық.
Мереке біздің бөлімнің бірінші курсында білім алушылардың мың бұралған биімен басталды. Жүргізушілер Ак-21 тобының көпшілікке «КПК PRODUCTION» КТА-дағы тамаша ойындарымен танылған жігіттер- Айсаев Асхат және Досмаилов Райымбек-.кешті ә дегеннен жеңіл де тартымды әзілмен бастап, осы көңіл-күйдің мереке соңына дейін сақталуына бар күш-жігерін салды. Құттықтау сөзі мен жүрекжарды тілегін шетел тілі кафедрасының меңгерушісі Бөкенбаев Әділжан Нұрланұлы білдірді. Ал Жаңа жыл қонақтары –Аяз Ата мен Ақшақар- мерекені қыздыра түсіп, өз кезегінде әрбір топ өз өнерін көрсетті. Олардың заманауи мазмұнға лайықтап әзірлеген қойылымдары мен әндері жиналғандар көңілінен шықты.Сахнаға бітіруші топ студенттері шыққанда, көңіл-күйдің сәл-пәл түскені де аңғарылды...Бізге бірге оқыған уақыт аралығында бір-бірімізбен жақындасып, достасып та үлгерген едік.Бізге жол сілтеген тәлімгерлеріміз іспеттес достарымызбен қоштасар уақыт да аз қалғандай. Оларға ақ жол, қашанда сәттілік тілейміз!
Тағы бір атап өтерлік ерекше жайт: шыршаны айнала ән салудың орнына біз бәріміз бірге әсерлі флешмоб биледік, оны дайындаған кафедрамыздың оқытушылары болатын!Осылайша әсерлі де көңілді кешіміз өте шықты. Әрине, естелік суретке түсу де назардан тыс қалмады, неге десеңіз,жылдар өте бұл суреттер біздің қызыққа толы студенттік өмірімізді еске түсіретін болады.
Иржанова Алсу,
Ар-23 тобы