Ол аталмыш білім беру мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымының, №1 мектеп бөлімі студенттерінің атсалысуымен өткізілді. Олардың қатарында У-21 тобы, Ар-21 тобының студенті М. Хамидова, Ар-21 тобынан А. Дыкина, У-12 тобы, У-23 тобының студенттері М. Яржемская мен М.Акбергенова болды. Аталған студенттер Жаңа, 2019 жылды, естен кетпестей, көңілді қарсы алуға бар өнерін салды.
Мәдениет бөлімі «Дизайн» мамандығының студенттері әсем безендірген залда осынау мерекені асыға күткен қонақтар жиналды. Аяз Ата мен Ақшақардан сыйлық алуға дәмелі кішкене бүлдіршіндер де осында. Жаңажылдық әдемі костюмдер киген балалар тек көрермендер ретінде отырмай, тосынсыйға ие болғысы келіп, ертегі кейіпкерлерімен бірге ән салып, би биледі, ойындар ойнады. Оқытушылар мен қызметкерлердің кәсіподақ комитеті жаңажылдық сыйлықтардың басты демеушісі болғанын да атап өткеніміз жөн.
Іс-шараға дайындық мерекелік кештің сценарийін жазған Т.Курушина мен В.Рябчунның басшылығымен өтті. Әрбір кейіпкердің ойыны ғана емес, костюм детальдары да назардан тыс қалмады. Бойындағы ерекше қабілетін Кикимора – Г. Бисеналина, Бөрі – В.Бурлачук, Кащей – И.Соколова, Василиса Премудрая – Я.Мальцева танытты.
Ю.В.Лопареваның жетекшілігімен орындалған «Жаңа Жыл» әні мен С.М. Доспанова жетекшілік еткен РТК-11 тобының «Санта-Клаус» хореографиялық композициясы мерекелік шоуға ереше әр берді.
Мерекелік кештің сценарийін құруға жәрдем берген біздің әлеуметтік әріптесіміз, бұрынғы түлегіміз, №16 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Н.К.Кенжебаеваға айтар алғысымыз шексіз. Ынтымақтаса атқарған еңбегіміз өз жемісін берді. Мереке соңында естелік фотоға түстік. Бақыттан жүздері бал-бұл жайнаған балалар алған әсерлерімен бөлісті.
Курушина Т.,
У-21 тобы