Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« September 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            
Дүйсенбі, 17 желтоқсан 2018 15:10

Колледждің мерейтойы...

Rate this item
(1 Vote)

12 желтоқсанда біздің колледж өзінің 55 жылдығын тойлады! Бұл күн біздер үшін ең айтулы оқиға болып қала бермек. «МИРАС» Мәдениет үйінде мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Осы бір айтулы қуанышты бізбен бірге бөліскендер қатарында аса қадірменді педагогикалық еңбек ардагерлері, әлеуметтік әріптестеріміз, колледж түлектері және өзге де меймандар болды.

Концерт көпшіліктің қатысуымен дайындалған ауқымды қойылыммен ашылды, оған студенттер қатысты,біздің хор ұжымы да өз өнерлерін аяп қалмады. Ынтымағы жарасқан мерейлі отбасы мүшелері секілді, қолдарына жарасымды шарларын ұстап, олар сахнадан сондай әдемі, тартымды көрінді. Міне, сахнаға жүргізушілер: шетел тілі кафедрасының оқытушылары -Пономарева Екатерина Александровна мен Бөкенбаев Әділжан Нұрланұлы- көтерілді.Олар колледж жүріп өткен жолдағы айтулы оқиғалар мен даталарға кезек берді.   Өкінішті, колледжімізде аянбастан еңбек етіп, бар саналы ғұмырын ізгі, шығармашыл мамандық-Мұғалім- болуға арнаған жандардың біршамасы арамызда жоқ. Біз оларды құрметтеп, бір минут үнсіздікпен еске аламыз.

Педагогикалық еңбек ардагерлерінің төрайымы О.А. Майер тебірене сөз алып, мерекеге қатысушыларға қарата: «Мен бүгін Сіздерге құр бос қол келе алмадым...» - деп бастап, туған колледж мерейтойына арнап өзі шығарған өлеңін оқып берді. Сахнаға «Жүрек дауысы» вокальдық ансамблі көтеріліп, Ю.В. Лопареваның жетекшілігімен «Ұстазым» әнін шырқады, әнмен қатар колледж архивінен алынған жүрекке жылы тиер, тарихымыздан сыр шертер фото-слайдтар көрсетіліп тұрды. Сонан соң кешті Қостанай педагогикалық колледжінің директоры, осы оқу орнының түлегі Оразамбетова Ғалия Өлмесханқызы жалғастырды.Колледж басшысы үшін, меніңше, бүгінгі күн тек мереке ғана емес, өзінің туған күніндей көрінді. Ол барша жиналғандарды мерейтоймен шын жүректен құттықтап, біздің колледжді бүкіл ел білетінін, неге десеңіз, облыстық, республикалық түрлі деңгейдегі іс-шараларға, конкурстарға, педагогикалық  олимпиадаларға қатысу үлкен еңбектің, өзін-өзі жетілдірудің жемісі екенін, бізді өзгелерге таныта түсетінін  мақтанышпен атап өтті.

Келесі кезек өзіміздің әлеуметтік әріптестерімізге тиді. Сөз алған № 24 мектеп-гимназияның директоры С.Е.Кәрімова: « ...бұл керек мереке, сіздің колледж мерейтойлық «5» және «5» деген екі тамаша санға сәйкес келеді, біз осындай тамаша мерекенің куәгерлері болғанымызға қуаныштымыз, сіздердің оқытушыларыңызға, басшыларыңызға қарай отырып, түлектеріңіздің де сұранысқа ие болуы  таңғаларлық емес деп ойлаймын, сіздерді алдағы уақытта да үлкен жеңістер күтіп тұр», - деді. Мерекелік бағдарлама соншалықты мазмұнды, әсерлі болды.

Осындай жылы сөздерді, жақсы тілектерді ести отырып, осы бір айтулы тарихи оқиғаның куәгері болғаныңа мақтанасың.

Іс-шараның ұйымдастырылуына көптеген студенттер, еріктілер, бірінші курс білімгерлері тартылды. Мерекеге КПК LIFE тілшілері Бауэр Александра, Жакетова Аина, Иржанова Алсу, Маковеева Ангелина, сондай-ақ операторлар Дементьев Александр мен Тарасенко Константин атсалысты, олар іс-шараның барысында қонақтардан, оқытушылар мен түлектерден сұхбат алды.

Мерейтойға қатыса отырып, мен адам ойы, оның арман-тілегі жүзеге асатынын ұғындым. Тек алға ұмтылсаң, болғаны! Алға қарай, басыңды көтеріңкі ұстап, қиыншылықтарға мойымай, талпына беруің керек. Арманның орындалатынына сенуің керек! Бұған колледжіміздің, оның студенттері мен педагогтерінің  жеткен жетістіктері айқын дәлел болмақ.

Иржанова Алсу,

Ар-2 тобының студенті

Read 1230 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео