Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Жұма, 14 желтоқсан 2018 12:50

Ашық сабақтар...

Rate this item
(1 Vote)

Педагогтерді аттестаттау және санатты растау аясында  «Сәндік-қолданбалы шеберлік және дизайн» кафедрасының оқытушылары  ашық сабақтар өткізді.

Ашық сабақтардың бірін 05 желтоқсанда ДПМ-11 (1-кіші топ) тобында арнайы пәндер оқытушысы А.Н. Ковбица өткізді. «Материалдарды көркем өңдеу шеберлігі» пәнінен өткізілген сабақ тақырыбы «Папье-маше. Карнавалдық маскалар» деп аталды. Студенттер карнавал маскаларының тарихы және жасалу пинциптерімен танысты. Сабақ әңгімелесу, бейнематериал көру, тәжірибелік жұмыс, «Paint» графикалық редакторда орындалған көрнекі құрал, практикалық жұмыстың музыкалық сүйемелденуі, сергіту сәті, рефлексия сынды түрлі мазмұндағы жұмыс, әдіс-тәсілдерді қамтыды.

13 желтоқсанда «Сәндік-қолданбалы шеберлік және дизайн» кафедрасының меңгерушісі Б.М.Баякова ДПМ-21 тобында «Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер тарихы» пәнінен «Сәндік-қолданбалы шеберлік» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Сабақ көрнекі материалдың, әдістер мен тәсілдердің сан алуан түрімен ерекшеленді. Студенттер сәндік-қолданбалы шеберлік теориясымен танысып қана қоймай, өз туындыларын да жасап шығарды. Айталық, студенттер қыш шеңбер үстінде балшықтан мүсін (құмыра) жасап, тоқылмаған гобелен әзірледі, графикалық планшетті пайдалану арқылы эскиздер орындап, күйдіру аппаратымен пирография техникасында сурет салды. Сабаққа шақырылған сарапшылар мен педагогтер тоқылмайтын гобелен дайындау, пирографияға қатысты тәжірибелік жұмысқа қатысып, өздерін сынап көрді.

СҚШ және дизайн кафедррасының

оқытушысы Б.М.Баякова

Read 1157 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео