Салтанатты іс-шараға Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының басшысы Қалмаков Ерлан Болатұлы, Қостанай облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрайымы Искандирова Татьяна Николаевна, Қазақстан Республикасы білім беру саласының құрметті қызметкері, Ыбырай Алтынсарин медалінің және «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Сәле Кәрімова, әлеуметтік әріптестер мен колледж түлектері қатысты.
Колледж директоры, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, педагогикалық ғылымдардың кандидаты Оразамбетова Ғалия Өлмесханқызы барша жиналғандарды 55 жылдық мерейтоймен құттықтап, еңбек ардагерлеріне адал еңбегі, мамандығына адалдығы үшін ілтипат-құрметін білдіріп, оқытушылар мен студенттерге педагогикалық олимпте жаңа табыстар мен жеңістер тіледі.
Қостанай педагогикалық колледжі сонау 1963 жылы училище мәртебесінде есігін айқара ашты.
Бүгінде біз мүлдем жаңа, заманауи білім беру кезеңіне аяқ бастық, әйтсе де кәсіпқойлық іргетасы біз ардагерлер деп құрметпен атайтын ұстаздардың арқасында қаланды. Алғашқы директор Римма Павловна Серованың басшылығымен педагогикалық ұжым аталмыш оқу орнының қалыптасып, дамуына жол ашты.
Біздің колледжде Ұлы Отан соғысының және тыл ардагерлері жұмыс істеді, олар: Елишев Михаил Михайлович, Золотухина Екатерина Дмитриевна, Речная Вера Ивановна, Сапельникова Раиса Николаевна, Шепелева Варвара Григорьевна.
Қостанай педагогикалық колледжі студенттерін оқытып, тәрбиелеу ісіне үлкен үлес қосқандар қатарында Серова Римма Павловна, Киселева Мария Александровна, Онищенко Ольга Михайловна, Олейник Григорий Семенович, Майер Ольга Александровна, Рихтер Мария Георгиевна және басқалары бар.
Біз колледжімізде Артюшина Любовь Ивановна, Лойко Валентина Александровна, Регуш Галина Дмитриевна, Эмтер Алевтина Михайловна сынды педагогикалық еңбек ардагерлері абыройлы қызметін жалғастырып келе жатқанын мақтан етеміз.
Қостанай педагогикалық колледжі Қостанай облысының мектепке дейінгі ұйымдары, бастауыш мектеп, мәдениет мекемелері үшін кадрлар даярлау ісіне үлкен үлес қосты.
Біз колледж тарихын мақтан етеміз. Мұражайымызда студенттік жылдардағы фото, бейнематериалдарды көздің қарашығындай сақтаймыз. Түлектеріміз – Қостанай педагогикалық колледжінің мақтанышы.
Колледж бүгінде - ата-аналар, оқытушылар мен студенттердің шығармашылық одағы. Жоғары білікті оқытушылар құрамы, жақсы жабдықталған кітапхана және компьютерлік сыныптар «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Бастауыш білім беру», «Әлеуметтік-мәдени қызмет және халық көркем шығармашылығы» мамандықтары бойынша сапалы білім алуға мүмкіндік береді. Біздің студенттеріміз «Алтын микрофон» халықаралық байқауын, облыстық спартакиадаларды, ғылыми конкурстар мен олимпиадаларды бағындырды.
Мерейтойды біз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында тойлап отырмыз. Еліміздің әлемдегі мерейі артып, Қостанай өңірі көркейе түссін. Қостанай педагогикалық колледжінің даңқты тарихы жалғаса берсін!
Біз студенттеріміз таңдап алған мамандықтардың мерейі жоғары , ал өздерінің Қазақстанның нағыз патриоттары болатынына сенеміз.
С.М. Морозенко,
директордың ОТЖ жөн.орынбасары