Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 7 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« November 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Бейсенбі, 13 желтоқсан 2018 11:35

Отбасы, тек, қала, ел тарихын білу...

Rate this item
(1 Vote)

2018 жылғы 12 желтоқсанда History Lab-те колледждің №2 мектеп бөлімі скауттар клубының «Қостанай және қостанайлықтар» сайтын құрушы Арман Ғабдрашұлы Қозыбаевпен кездесуі болып өтті.

Арман Ғабдрашұлы сайтпен 10 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Сайтта Қазақстан Республикасындағы фото және архивтік құжаттардың үлкен коллекциясы орналастырылған.  Басты міндет генеалогиялық ақпаратты орналастыру болып табылады. Арман Ғабдрашұлының көмегіне отбасылық шежіресі туралы ақпаратты тауып беруін өтініп, көптеген қазақстандықтар мен бұрынғы отандастарымыз жиі жүгінеді. Қажетті ақпаратты тауып алу үшін, ол күн сайын ондаған кітаптар мен мұрағаттық құжаттарды ақтарады.

А.Ғ.Қозыбаев жұмыс барысында орын алған күлкілі жағдайларды еске алып, Қостанай облысының танымал тұлғалары туралы әңгімеледі, ақпарат іздеу ерекшеліктерін, сондай-ақ жас скауттарға өз отбасының, ата-бабаларының тарихынне себепті  білу қажеттігін айтып берді.

Өлкетанушылар клубының отырысына сондай-ақ ҚМПУ «Тарих» мамандығының студенттері, қоғамдық пәндер кафедрасының профессоры, құқық және экономика пәндерінің оқытушысы  Е.В.Ярочкина, Қостанай педагогикалық колледжінің оқытушысы З.Ж. Шагатаева қатысты. Тарих ғылымдарының кандидаты, қосымша және қашықтықтан оқыту факультетінің деканы Самаркин Сергей Владимировичпен кездесу ұйымдастырылды.

Отырыстан соң жас скауттардың әрқайсысы өзінің отбасылық тегі, оның тарихы жайында білгісі келгені олардың ойлы жүздерінен аңғарылды.

Шатагулова Эльмира,

 Ар-23тобы

Read 803 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео