Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Жұма, 18 қаңтардың 2019 14:56

Болашаққа бастар жол

Rate this item
(19 votes)

17 қаңтар 2019 жылы М-31 тобы «Бастауыш білім беру» мамандығының студенттері Қостанай облыстық Л.Толстой атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында өткен конференцияға қатысты.

Конференция «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен өтті. Конференция екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімінде, Қостанай облыстық Л.Толстой атындағы әмбебап ғылыми  кітапханасында, уақыт талабымен үндескен білім орталығы ашылды. Орталықтың салтанатты тұсаукесер рәсіміне партияның облыстық филиалы төрағасының орынбасары Алмат Досмұхамедов, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, мәдениет қыз­меткерлері мен Қостанай педагогикалық колледжінің 3 курс студенттері қа­тысты. Бұл жаңа орта­лықта түрлі әде­биеттермен, оқу құралдарымен қатар, кез келген ақпаратты онлайн-режімде алуға мүмкіндік жасалған. Орталық интернет желісімен, цифрлы технологиялармен, қажетті жиһаздармен толықтай қамтамасыз етілген. Біз үшін мұнда қажетті ақпарат алып қана қоймай, өзара ой-пікір, тәжірибе алмасуға, шығармашылық еңбекпен айналысуға да мүмкіндік зор. Дариға Дүйсебаева облыстық Л.Толстой атындағы әмбебап ғылыми  кітапхананың директоры: «Қазақстан кітапханалары – заманауи білім орталықтары» жоба­сының шеңберінде қазір елімізде кітап­ханалар осындай уақыт талабына сай білім орталықтарына айналдырылып, тиісінше жабдықталып, электронды үлгіге көшірілуде, – деп өз сөзін қортындылады.

Конференцияның екінші бөлімінде «Мұғалім мәртебесі» жобасы талқыланды.  Конференцияда Қостанай облысының білім басқармасының тарих және география бөлімінің меңгерушісі Мукашева С.М, педагогика ғылымының кандидаты Мусабекова Г.А және 9 лицейдің физика- математика пәнінің мұғалімі Джумабеков А. сөз сөйледі.  Заң жобасында Білім және ғылым министрлігі мен Ұстаздар кәсіподағы дайындайтыны айтылғаның мәлімдеді. Тұрғын үй, медициналық сақтандыру, зейнет жасы, мұғалімдердің жүктемесін жеңілдету, мұғалім мен ата-ананың міндеті, құқығы тұрғысындағы, сондай-ақ мектеп мұғалімі мен жоғары оқу орындары оқытушыларының міндеті, еңбек ақысы және де біліктілікті тексеруге арналған тестке байланысты көптеген түйткілді мәселелер айтылды. Заң жобасын талқылауға арналған конференцияда мұғалімдердің, колледждер оқытушылары мен студеттердің пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды.
"Мұғалім мәртебесі " туралы Заң бойынша өткен конференцияда біздің   топ студенттері ұстаздық жолда бірталай белестерді бағындырған, қадірлі қонақтармен қауышып, ашық диалог жүргізу арқылы көкейтесті сұрақтарымызға жауап алып, білікті мамандардың жетістікке жетудегі өткен жолдары жайлы сөз еттік. Дәл осы Заң жөнінде толық мәлімет бере отырып, мұғалім мамандығының шоқтығы биік екендігін ұғындырды.

М-31 тобының студенттері

Read 2771 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео