Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

01140100 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, біліктілігі 4s01140101 бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі, 3 курс, негізгі орта білім беру базасында бір бюджеттік орын босады.

Жаңалықтар мұрағаты

« October 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Сенбі, 16 ақпанның 2019 08:13

Үздік циклдік әдістемелік комиссия

Rate this item
(0 votes)

2019 жылғы 30 қаңтарда  Қостанай педагогикалық колледжінде Қостанай облысы техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардың «Үздік циклдік әдістемелік комиссия» атты облыстық байқауы өтті.

Байқауды Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім берудің Әдістемелік кабинеті ұйымдастырды.  Байқаудың 1 –кезеңіне (сырттай) облыстың 16 колледжі қатысты, олардың 8-і өз колледждерін тікелей кезеңде көрсетті.  

Облыстық байқаудың тікелей туры 3 кезеңді қамтыды: циклдік әдістемелік комиссиялар өз визиткаларын ұсынып, әдістемелік көрмеге экскурсия жасады, кафедра отырысынан үзінділер көрсетті. .

Барлық командалардың көрсетілімдерін жиналғандар зор қошеметпен қарсы алып, әрқайсысына жылы ілтипат білдіріп отырды.

Айрықша жылы ахуал тудырған колледждің жас оқытушысы Арыстан Нуралы  мен 2 курс студенті Евржанова сынды жүргізушілер болды.   

Бірінші кезең қорытындыларынан –ақ  үздіктер аңғарыла бастады, олар: Қостанай педагогикалық колледжінің шетел тілдері кафедрасы, Жітіқара политехникалық колледжінің, Қостанай медициналық колледжінің, Қостанай құрылыс колледжінің циклдік әдістемелік комиссиялары.

Сондай-ақ залға жиналғандардың баршасының қызығушылығын туғызған қойылымдар қатарында Қостанай тұрмыстық сервис колледжі, Қостанай кәсіптік-техникалық колледжі, Қостанай индустриялық-педагогикалық және Рудный политехникалық колледждерінің циклдік әдістемелік комиссиялары болды.

Әдістемелік көрме –жалпы білім беретін және арнайы пәндер оқытушылары жұмысының қорытындысы ретінде, шын мәнісінде,  педагогикалық және әдістемелік идеялар мен жаңашылдықтың шынайы қоймасы іспеттес көрінді.

Байқаудың соңғы межесі ретінде циклдік әдістемелік комиссия отырыстары өткізілді,мазмұны мен өткізілу формасы жағынан бір-біріне ұқсамайтын осынау отырыстар  педагогикалық шеберлік сабақтарын алмастырды десе де болады.

Байқау қорытындылары: Бас жүлде Қостанай педагогикалық колледжінің шетел тілдері кафедрасына бұйырды, 1-орынды  Қостанай құрылыс колледжі, 2-орынды – Жітіқара политехникалық  колледжі, 3-орынды Қостанай жоғары  медициналық колледжі иеленді. Өзге қатысушы командаларға түрлі аталымдар бойынша сертификаттар беріліп, жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен, грамота және кубоктармен марапатталды.  

Біз оқытушыларымыздың облыста үздік атанып, жақсы өнер көрсеткенін мақтан тұтамыз, үлкен жеңістерімен құттықтаймыз! 

Қ.С.Жүнісова,

директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөн. орынбасары

Read 856 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео