Байқауды ұйымдастырушы- математика және ақпараттық технологиялар кафедрасы.
Сәйкестік деуге келмес, әйтсе де Жастар жылында байқауға қатысушылардың дені колледждің жас оқытушылары болды.
Байқаудың мақсаты-IT-технологияларды кәсіби қызметінде қолданатын педагогтердің озық тәжірибесін анықтап, тарату.
Байқауға қатысушыларға төрағалық еткен әділ қазылар алқасның құрамына директордың ақпараттық технологиялар жөн.орынбасары Ж.И. Көпжасарова, директордың оқу-өндірістік практика жөн. орынбасары Қ.З. Ахат, колледж әдіскері С.А. Баекенова кірді.
Байқау 3 турдан құралды:
1- тур – «Визитка және ИКТ-дағы менің жаңалығым»;
2 -тур – «АКТ оқу-тәрбие үдерісінде»;
3- тур – «Интерактивті алаңқай».
Байқауға қатысушылар жоғары кәсіпқойлық деңгейін, терең шығармашылық әлеуетін көрсетіп, білім беру қызметінде АКТ-ны тиімді пайдалана алатындықтарын паш етті.
Байқаудың жүлделі орындары былайша бөлінді:
байқау жеңімпазы– мектепке дейінгі тәрбие кафедрасының оқытушысы Третьякова Ольга Викторовна;
1 -орын – филология кафедрасының оқытушысы Арыстан Нұралы Нұрланұлы;
2 -орын– педагогика және психология кафедрасының оқытушысы Бейсенбаева Гүлім Ғалибекқызы;
3-орын – жаратылыстану-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы Балаканова Альбина Есболатқызы;
«АКТ-дағы менің олжам» аталымы сәндік-қолданбалы шеберлік және дизайн кафедрасының оқытушысы Әби Ләйлі Сайфуллақызына бұйырды.
«IT-зерттеуші» аталымы музыка кафедрасының оқытушысы Сағымбаева Айдана Сәтжанқызына берілді.
Біз «IT- жаңашыл» байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз. Байқауға қатысушыларға шығармашылық табыс, биік рух, және жасампаз болашақ тілейміз.
Ж.И.Көпжасарова,
директордың ақпараттық технологиялар жөн. орынбасары