Сондықтан, меніңше, кішкене кезден бастап денсаулықты құнттау керек. Ойланар болсақ, мұның еш қиындығы жоқ: дұрыс күн режімін, гигиенаны сақтап, ауа райына сәйкес киім киіп және де, әлбетте, дұрыс тамақтана білу қажет. Сонда қалай? Ас мәзірін қалайша дұрыс құруға болады?
29 қаңтар күні Қостанай педагогикалық колледжінің жатақханасында дұрыс тамақтану жөнінде шеберлік сыныбы өткізілді. Бұл шеберлік сағатын «Дәмдіні әзірлей аламын»ZHASPROJECT жаңа тобының лидері Бабакова Айнаш өткізді.
Шеберлік сыныбының басты ерекшелігі, меніңше, оның екі мәрте, яғни бірінші ауысымда оқитындар үшін де, екінші ауысымда оқитындар үшін де өткізілуінде болды. Мұндай бағдарлама білгісі, көргісі келген әр студент үшін үлкен мүмкіндік болды.
Келесі ерекшелігі – шебер аспаздық саласында тағам даярлаудың өзі үйреніп,дағдыланған әдістері жайында әңгімеледі, қандай мөлшерде және қалай әзірлеу қажеттігін айтып, қолмен жасап көрсетті, тіпті мұндай әсерлі көрініске студенттер бейжай қарай алмай, олар да кірісіп кетті. Бізді таңғалдырғаны, «асүйге» жігіттер жағы ұмтылыс жасап, нағыз аспаздардан қалыспауға тырысты. Тағам даярлау барысында шебер қандай да бір ингредиенттің не үшін қажеттігі және оның қасиеттері жайында баяндап, тіпті, оны өзге немен алмастыруға болатынын да айтып берді.
Бірінші кезеңінде балалар шебермен бірлесе отырып жеміс және көкөніс қосылған түрлі дәмдеуіштермен құймақ әзірледі. Келесі кезеңде тұтас дәнді ұннан жасалып, түрлі күтпеген өнімдер қосылған құймақ құя бастады.
По завершению мастер-класса мы все дружно продегустировали готовые вкусности, не хватало лишь чашки горячего чая…
Мен осы шеберлік сыныбы біздер, әсіресе, жаңа өмірге енді-енді бейімделе бастаған бірінші курс студенттері үшін өте пайдалы болды деп санаймын.
Мақаламды ұлы Гипократтың «Тағам сіздің басты дәруменіңіз болсын, ол табиғи, табиғаттың тағы бір тамаша жаратылысы-адам ағзасына- сіңетіндей пайдалы болуы тиіс» деген сөзімен аяқтағым келеді. Дұрыс тамақтаныңыз, жақсы нәрсені ойлаңыз!
Иржанова Алсу,
АР-23 тобының студенті