Жаңа күнтізбелік жылдың Г. М. Соковтың көрмесімен ашылуы бірінші жыл емес. Осы жыл да назардан тыс қалмады.Қылқалам иесінің фломастермен орындалған 20 жұмысы көрермендер назарына ұсынылды.Бір қарағанда, фломастер балалар шығармашылығының құралы секілді, әйтсе де шебердің қолында ол өзгеше мәнге ие болғандай. Картиналар тылсым көріністерімен, өрнектерінің сан алуандығымен және композицияларының күрделілігімен көз тартады. Г.М.Соковтың картиналарынан оңтүстіктің түсі ызғарлы ер азаматтары мен шығыстың әсемдігімен көз тартар әйелдерінің бейнелерін көруге болады. Автор өзінің жұмыстары міндетті түрде витраждардан орын алатынына сенді. Әйтсе де шамалы қиялға берілер болсақ, бұл суреттерді түрлі түсті элементтер арқылы жарықтың өзгеруіне орай құбылып, күн көзінің жылы шуағын өткізетін күмбезді әйнектерден елестетуге болады.
Көрмеге колледждің «Әлеуметтік-мәдени қызмет және халық көркем шығармашылығы» мамандығы ДПМ-11, ДПМ-21, ДПМ-31 топтарының студенттері шақырылды. Студенттер тағы бір мәрте қылқалам шебері шығармашылығының сан қырлылығына таңырқап, өрнектік композицияның жаңа формаларын көре алды, сондай-ақ кәсіпқой шебер шығармашылығынан нәр алып, шығармашылық қиялдарына қанат бітірді.
Б.М.Баякова,А.Н. Ковбица, Е.В.Садовникова,
колледж оқытушылары