Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Сәрсенбі, 20 ақпанның 2019 10:53

Мектепке дейінгі бөлімдегі «МИФ-тік кеш»

Rate this item
(0 votes)

2019 жылғы 28 қаңтарда колледждің акт залында мектепке дейінгі бөлім студенттері үшін   «МИФ-тік кеш» өткізіліп, оған  1-4 курстардың барлық студенттері қатысты.

Кешті ұйымдастырушы- математика және ақпараттық технологиялар кафедрасы..

Іс-шара білім алушыларды «математика»«информатика», «физика» секілді пәндерді оқып-білуге деген қызығушылығын арттыруға, алған білімдерін әдеттегіден тыс жағдайда қолдана білуге баулуға, шығармашылық белсенділігін арттырып, ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.   

 «МИФ-тік кеш» аралас құрамдағы 4 команда арасындағы сайыс түрінде өтті, олар кеш басталуының сәл алдында ғана жасақталып, оқытылатын тіліне қарамастан,құрамына түрлі курс студенттері кірді. Әрине, олар осы колледждің белгілі бір мамандығы бойынша бірге оқиды, әйтсе де бір үстел басында, бір команда құрамында алғаш рет бірге отыр. Және де бұл қатысушылар үшін де, көрермендер үшін де соңғы тосынсый емес-ті.

Ойын барысында қатысушлар өздерінің ой ұшқырлығы мен тапқырлығына жүгінді, айталық, сергіту тапсырмалары кезінде олардың ептілігі мен тапқырлығы, тосыннан ойлай білуі сынға түссе,  математикадан «Көзсіз ойын» турының тапсырмалары командада жұмыс істеп, бірін-бірі тыңдауға, естуге, бір-біріне сенім білдіруге үйрену қажеттігін ұғынды;  информатикадан білімдерін байқау үшін, студенттер ноутбук арқылы  Quizizz.com сайтына шықты; ал физика турында командалар өздеріне таныс мультфильмнен үзіктер көріп, физикалық заңдылықтарды, құбылыстар мен процестерді суреттеп берді.  Көрермендермен ойын өткізу үшін,  Kahoot.com ресурсы пайдаланылды,атап өтерлігі, колледжде алғаш рет осы сайт арқылы бір мезгілде викторина сұрақтарына 59 адам жауап берді, олардың қатарында студенттермен қатар, оқытушылар да болды. 4 үздік көрермен жинаған балл санын өздеріне ұнаған командаларға берді.   Ол жеңімпаз команда «Пифагорларға» бұйырды, оның құрамына  Т-11, Т-21, Т-41, В-12, В-22, В-32 топтарының студенттері кірді,   өзге «Мегамозг», «Экстремалы», «Адреналин» командалары «Ғылымилық», «Ынтымақтастық», «Шығармашылық» аталымдарында грамоталармен  марапатталды.

Қазылар алқасының құрамына «Мектепке дейінгі тәрбие» кафедрасының меңгерушісі А.К. Абжанова , математика пәнінің оқытушылары Г.Е. Султанова мен Н.А. Орлова кірді. Кафедра оқытушылары  Тулепова Д.Ж., Елеусизова Д.А. және Бекбулатов Е.К.  осы іс-шараны ұйымдастырып, өткізді.

 Студенттер мен оқытушыларға іс-шараға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіре отырып,  «МИФ-тік кештерді» өткізу кафедраның жақсы дәстүрлерінің біріне айналады деп сенеміз.

 

Д.Ж.Тулепова,

математика және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі

Read 691 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео