Ойынға мектепке дейінгі, № 1 және № 2 мектеп бөлімдері топтарының студенттер командалары қатысты. Ойын тек білім мен эрудицияны ғана емес, сонымен қатар, интеллектіні және пікір айту, шапшаң пайымдай білу және дұрыс жауап беруді көздеді. Білгірлер үшін колледждің 16 оқытушысы сұрақтар әзірледі. Бұл сұрақтар түрлі сипатта болды:олардың біршамасы адамның ойлау қабілетін, ептілігін, байқағыштығы мен аңғарымпаздығын, ынта-жігерін анықтауға бағытталса, арасында әзілге құрылғаны да, тосын сұрақтар да ұшырасты. Ойын барысында студенттер өздерінің ой-өрісін, тез және креативті ойлай алатындығын көрсетті.
Тәуелсіз қазылар алқасы құрамында Колесникова Н.В., Мынжасарова Д.Н. и Сарбасова Д.Т. жұмыс істеді.
Аманова Қымбат, Мақатова Қаракөз, Ищанова Мейрамгүл, Сайкенов Хаджи-Мұкан, Тасболатова Аруна, Үрестемова Саина, Серікова Назерке, Меңдықұлова Арай, Бабич Ксения, Пішенбаева Динара, Батырханова Әсем, Салеми Алтыншаш, Бриматова Карина сынды белсенділік танытқан студенттер атап өтілді.
Ойынға белсенді қатысқан студенттерге тәттілер үлестіріліп, грамоталар табысталды.
С.А.Баекенова,
колледж әдіскері