Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Бейсенбі, 21 ақпанның 2019 08:42

Үштілді оқыту – заман талабы

Rate this item
(6 votes)

Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Бүгінгі нарық заманы бізден бәсекеге қабілетті болуымызды, дамыған отыз елдің қатарынан көрінуіміз үшін білімді де озық ойлы  азаматтарды тәрбиелеуімізді талап етеді. 

сыған сәйкес ақпан айының 19-ы күні Қостанай педагогикалық колледжінің қабырғасында, "Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру" мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер арасында «Полиглот»  ойыны өткізілді.

Ойынға әр топтан 4 студентен қатысты және ойын шарты бойынша әрбір студент алдын ала лоттар тарту  арқылы топтарға бөлінді. Ойын барысын әділ саралау үшін қазылар алқасы тағайындалды. Оның құрамын: Қостанай қаласының № 8 бала бақшасының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, колледжміздің түлегі, әлеуметтік әріптесіміз Раскельдинова Алёна Александровна, филология кафедрасының қазақ тілі пәнінің мұғалімі  Арыстан Нұралы Нұрланұлы және де колледжіміздің А -32 тобының студенті Лысенко Александр Иванович толықтырды.

Іс-шара 3 кезеңнен тұрды және де әр кезеңде студенттер өз белсенділігін танытып, ұйымшылдығын көрсете білді.1-ші кезең " Kahoot" интернет  бағдарламасы арқылы,  студенттердің  жан жақтылығы,  ширақтылығы тексерілсе, 2-ші кезең топ капитандарының үш тілді қаншалықты жетік меңгерген екендігі ескерілді және де 3-ші кезең топ ұйымшылдығы мен білім деңгейлері басты назарға алынды.

Ойын тәртібі бойынша өткізілген 3 кезең нәтижесі:

1-ші орын: құрама  командасы «Оптимисты»

2-ші орын: құрама  командасы «Эрудиты»

3-ші орынға  «Forward» және «Знатоки»  құрама командалары ортақтасты.

Көп тілді білу – өмірлік қажеттіліктен туындаған құбылыс. Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған. Халықтың  рухани, мәдени құндылығымен сусындау үшін ана тілін білу керек. Әрбір адамның өз тілінде сөйлеп, білім алып, азамат болып қалыптасуы маңызға ие. «Әр елдің тілін, өнерін білген кісі өзгемен бірдейлік деңгейде сұхбаттаса алады» деген Абай атамыз. Сондықтан заман талабына сай үш тілді білімімізді жетілдіре жүрейік...

Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы

Шайхетдинова А.Б.

Read 2807 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео