Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Бейсенбі, 21 ақпанның 2019 14:29

Қазіргі заманғы педагог - жаңа ұрпақтың көшбасшысы

Rate this item
(1 Vote)

        «Қазіргі заманғы педагог - жаңа ұрпақтың көшбасшысы» - бұл тақырып 2019 жылдың 20 ақпанында Қостанай педагогикалық колледжінде өткен Педагогика және психология кафедрасының күнін ұйымдастырудағы және өткізудегі басты тақырып болды.

     Қазіргі заманғы педагог қажетті кәсіптік білімге ие болуы керек, бірақ табысты мұғалім белсенділікті, қарым-қатынасты, мақсаттылықты, жауапкершілікті және көшбасшы болып табылатын маңызды және қажетті қасиеттермен ерекшеленуі керек. Бұл мақсат колледж оқытушылары алдына қойған, ал кафедра күні - бұл мақсатты жүзеге асырудағы көрсеткіш. Оқытушылар өткізген іс-шаралар барысында студенттер тәуелсіздік, бастамашылдық, ұйымдастырушылық дағдылар мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

     Күн әдеттен ерекше басталды: таңертең колледжге келгендердің бәрі ерікті студенттердің күлімсіреп қарсы алуы мен  құттықтау сөздерін алды. «Мен жастарға сенемін!» атты ресми ашылу салтанатында көрермендер 0105000 Бастауыш білім беру мамандығының М-11 тобының, оқытушылар Мыңжасарова Д.Н., Сарбасова Д.Т., ұйымдастырған флеш-мобқа қатыса отырып, бағдарламамен танысты, сондай-ақ өлеңдер мен әндерді тыңдады.

Позитивті көңіл-күй қалыптастыру үшін «Кажайып айна» сұхбатына барлығы қатыса алды. Оқытушылар Сушко Т.С., Дюсекеева М.М., У-31 тобының студенттерімен бірге ұйымдастырған көңілді үзілістері де қызықты болды.

Тағы бір бағыт - «Эрудиттер» интеллектуалды ойыны және «Мейірімділік - асыл касиет» дебаттық турнирі студенттердің өз ой-пікірлерін дәлелдей білуге мүмкіндік берді, осы ойындар арқылы студенттер талдау қабілеттілігін, көзқарастарын дәлелдей алды. Аталған іс-шаралардың ұйымдастырушылары оқытушылар Абдулина Г.З. және Бейсенбаева Г.Г.  болды.

 Кафедра күні қарсаңында «Педагогика және психология кафедрасының үздік эмблемасы» атты байқау ұйымдастырылды. Оқытушылар Буртылёва З.А. және Кохан Л.В. ұсынған ереже негізінде студенттер кафедра эмблемаларының қызықты және ерекше нұсқаларын ұсынды, олар көрермендерге  көрсетілді.

 Психолог Белоглазова В.М., Полешко Т.А. және Кошгулова Д.Е. «Біздің эмоцияларымыздың палитрасы» және «Үш жол» психологиялық ойындары ұйымдастырылды. Ойын барысында қатысушылар жаңа, қызықты ақпаратты алып қана қойған жоқ, сонымен қатар шығармашылық қабілеттерін көрсе білді, сондай-ақ күлкіге кенеліп, демалып қалды.

       Оқытушылардың көшбасшылық қасиеттерін қалыптастырудың керемет мүмкіндіктері сабақ барысында қалыптасады, олар тиімді қарым-қатынас дағдыларын, талқылау жүргізу қабілеттерін, пікірталастар жасауға, ақпаратты дұрыс байланыстыруға мүмкіндік береді. Оқытушы Кохан Л.В. «Көркем өнер негіздері және оқыту әдістемесі» пәнінен өткізген сабағы осының дәлелі болды.  Осы сабақтың тағы бір еркешелігі өзін-өзі тану пәнімен байланысы болды.

     Күні бойы оқытушы  А.А. Сподинаның «XXI ғасырдың жастары» атты бейнебаяны студенттер мен оқытушылардың назарына ұсынылды, онда колледж студенттерінің, жас оқытушылардың жетістіктері туралы ақпарат берілді.

     Іс-шара соңында оқытушылар  Волошко В.И. және Бисенбаева Г.Г. студенттер мен оқытушыларды ғана емес, өткен жылдардағы түлектерді де жақындастырған «Қазіргі әлемдегі мұғалім» атта дөңгелек үстел ұйымдастырды, олар мектептегі алғашқы күндері туралы және колледжде алған білімі мен тәжірибесі қаншалықты маңызды екенін айтты.

     Күннің нәтижелері мен қорытындыларын шағын концертте кафедра меңгерушісі Боханова А.Б. жариялады. Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің машықтанушылары Сағындық С.Д., Глушко А.А., Монько А.Н., Жусупова И.С., Кайырлапова Ж.С., Амангелди Г.М. белсенді қатысуын атап өткен де жөн.

Волошко В.И.,

Педагогика және психология

кафедрасының оқытушысы

Read 1238 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео