Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 7 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« November 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Бейсенбі, 28 ақпанның 2019 08:25

Балабақшада көркемдік-эстетикалық тәрбиенің мәселелері

Rate this item
(3 votes)

2019 жылдың 26 ақпаныңда Қостанай педагогикалық колледжінің «мектепкедейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінде «Балабақшадағы көркемдік-эстетикалық мәселелер» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел ұйымдастырушысы - Молдабаева Алия Утегеновна.Іс-шараға балабақшадан келген тәрбиешілер және мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің студенттері, яғни Т-21,Т-31, Т-41 атсалысты. 

Дөңгелек үстел барысында көптеген сұрақтар талқыланды. Атап айтатын болсақ, “Балабақшадағы көркемдік-эстетикаға байланысты кездесетін мәселелер”, “Эстетикалық тәрбие мен көркемдік әрекетінің түрлерімен байланысы” тағы басқалары. Балабақшаның білікті мамандары студенттермен өз тәжірибелерімен бөлісіп,студенттер де өз тараптарынан сұрақтар қойып, оған жауап алды.Мәселелерді жан-жақты талқылап, шағын пікірталас болды.Пікірталас кезінде студенттер белсенді атсалысты.Бұл студенттердің білімін кеңейтуге көп мүмкіндік берді.

Балабақша тәрбиешілері өз тәжірибелерімен бөлісу мақсатында студенттерге арналған «Шебер-класс» көрсетті.

Студенттер бұл «Шебер-класстан» тәлім алып,жақсы әсерде қалды.Іс-шара соңында белсенді қатысқан студенттерге және қонақтарға сертификаттар табысталды.Дөңгелек үстел сұрақтары өзекті мәселелерді шешіп,өз мәресіне жетті.

Т-21 студенттрі : Молдагалиева С, Ынтымақ Ж, Кабдырахманова Т.

Read 2951 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео