"Әлемді өзгертетін әйел..." атты мерекелік концертте "Көп балалы отбасы – бақыт пен қуанышқа толы", "Жас отбасы-бақытты жұлдыз", "Әйел-басшы".номинациялары бойынша әйелдерге құрмет көрсетілді. Колледждің Қамқоршылық кеңесінің төрайымы С. Г. Мачнева барлық әйелдерді мерекемен құттықтап, отбасыларына амандық, жұмыстарына жаңа табыс тіледі.
Колледж атына арналған мерекелік құттықтау жеделхатын педагогикалық еңбек ардагері А. П. Алтухов жолдады. Қостанай облысы Білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіби одағының төрағасы Т. Н. Искандирова және колледж түлегі Акимжанов Э.А. әйелдерге өзінің бейне құттықтауларын арнады.
Колледж оқытушыларының кәсіподақ комитетінің төрағасы Жаркенов К. С. оқытушыларға "Жайлауға" демалу сертификаттарын табыс етті.
Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының актері, вокалист, "Қостанай облысы жастарының Алтын кітабының" лауреаты Алькожа Тoлендынің үздік әндерінің бірін сыйға тартуы мерекенің шарықтауы болды.
Барлық әйелдерге гүл шоқтары табыс етілді. Педагогикалық еңбек ардагерлері үшін кәсіподақ комитеті мерекелік дастархан ұйымдастырды.
Сонымен қатар, "Мирас" МҮ дәстүрлі түрде «MISS QOSTANAI PEDAGOGIKALYQ KOLLEDJI – 2019» сұлулық байқауы өтті. Мерекенің демеушілері "Шахерезада" сауда үйі, "Estet" ерлер бөлімі, "Драйв" фитнес - клубы, "Бьюти Рум" салоны, "Гардероб" бутигі, "Жазира Бьюти лешес" кірпікті өсіру студиясы, "Евгения" үйлену салоны және т.б. болды. Демеушілер он бір қатысушы үшін ғана емес, залда отырған көрермендер үшін де өз сыйлықтарын дайындаған.
Осы кештің бас режиссері #МИССКПК2019 және "КПК ЛАЙФ" студенттік арнасы байқауды өткізу салтанатында осы керемет іс-шарадан бастап жаңа оқиғалар туралы айтып берді.
Байқау бірнеше кезеңнен тұрды:" Визит карточкасы"," Еуропа жүрегі"," Шығармашылық байқау","Менің арманым".
Байқаудың басынан бастап аяғына дейін жеңімпаздардың барлығы сұлулықтарымен, дарындарымен таң қалдырып, барлық қатысушылардың талғампаздығы артық екенін дәлелдей білді.
Кештің жарқын оқиғаларының бірі Астана, Мәскеу, Париж, Мадрид, Стокгольм және т.б. қалаларының астаналарын бейнелейтін қыздардың жасаған және көрсеткен костюмдеріне – қазылар алқасының мүшелері ғана емес, студенттері, оқытушылары, ата-аналары да лайықты бағасын берді.
Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы бірнеше номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтады: "Қайталанбас ару" (Айтбаева Асем), "Дарынды ару" (Баймуханова Аяна), "Таң қалдырған ару" (Иманкулова Арайлым), "Тапқыр ару" (Инертбаева Айымгуль), "Көркем күлкі аруы" (Маковеева Ангелина), "Әсем ару" (Нурмангалиева Дильназ), "Нәзіктік аруы" (Сулейменова Юлия), "Грация аруы" (Яровая Виталина).
"Колледждің бірінші Вице-Мисс" атағын Батырханова Асем, "Колледждің екінші вице-Мисс" атағын Қуанышбаева Карина иеленді.
Байқаудың жеңімпазы, тәжі мен "MISS QOSTANAI PEDAGOGIKALYQ KOLLEDJI-2019" атағына Кенжетаева Аида ие болды.
Организаторы праздника продемонстрировать коллекцию одежды «Современный педагог». Мерекенің ұйымдастырушылары "Заманауи педагог киімі» жинағын көрсеттіу. Өз коллекциясын қазақ-француз мәдени және сауда орталығы, "Гардероб" бутигі, сондай-ақ "Шахерезада" сауда үйі, "Estet"Ерлер киімі бөлімі ұсынды.
Мерекеде колледж жасөспірімдері алғыс білдірді, олар өздерінің шығармашылық нөмірлерімен курстастарына деген сүйіспеншілігін жеткізді. Ән, би, клиптер, онлайн дауыс беру, Колледж КТА командаларының өнер көрсетулері барлық қыздарға осы күнгі тосынсый болды.
Директордың тәрбие жұмысы
жөніндегі орынбасары С. М. Морозенко