Бұл іс-шараға көптеген студенттер қатысты: олар қысқы туған күн иелерін құттықтай отырып, ән айтты, би биледі және өлеңдер оқыды. Бұл мерекені ұйымдастырушылар көрермендер үшін ойындар мен байқаулар дайындап өткізді, олар өте қызықты өтті.
"Ninetyone", Ziruza, Нұржан Керменбаев сияқты әртістердің әндерін орындағаныда біз тағы да Қостанай педагогикалық колледжінің студенттері эстрадалық жұлдыздардан кем емес екеніне көз жеткіздік. Олар тек вокалдық орындаумен ғана емес, хореографиямен де күшті. Әр музыкалық нөмір би қойылымымен сүйемелденіп, көрермендерді өз шеберліктерімен қызықтырды. Олардың әрқайсысы би билеп, ән айтуға қуана қатысты.
Бұл іс-шарада Т-21 тобының студенттері: Агибаева Әселхан, Қылдыбаева Нурай, Каримжанова Аманкуль, Жұмағалиева Күмісай, Ынтымақ Жанбота, Саргубина Аида, сондай-ақ М-11 тобының студенттері: Серикова Назерке, Болатхан Айман және студент группы Ак-11 Жакин Рахат ән шырқады.
РТК-11 тобының студенттері: Саржанов Тимуджин, Масалим Нурдана, Хамзина Айгерим-АК-11 және Ресеева Дильназ және М-11 тобы барлығын би өнерлерімен таң қалдырды.
Шешендік өнерінсіз өнер бола ма: бізге М-41 тобының студенті Исқақ Айтмағамбет, А-32 тобының студенті Ермухамбетов Талғат, У-11 тобының студенті Тихонова Виктория шешендік өнерлерімен таңқалдырды.
Біздің студенттермен жатақханадағы өмір әлдеқайда жарқын және қызықты, олар қалыптасқан дәстүрлерді ешқашан ұмытпайды және әр студенттің өмірін қуанышты және бақытты етеді.
Агибаева Аселхан,
Рахымбек Мадина,
Т-21 тобының студенттері