Qostanaı oblysy ákіmdіgі Bіlіm basqarmasynyń

«QOSTANAI JOĞARY PEDAGOGIKALYQ KOLEJI» KMQK 

 1963 jyly quryldy               

Qabyldaý Bykovskıı 9 k-sі, 1B bölıgı
Qabyldaý bólіmі: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Jazyńyz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі" КМҚК жатақханасында 3 бос орын бар. Жатақханада тұру құны айына 18 000 теңге

Жаңалықтар мұрағаты

« December 2024 »
Mon Tue Wed Thu Fri Sat Sun
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Жұма, 15 наурыздың 2019 17:49

Дені саудың - жаны сау

Rate this item
(3 votes)

Қыстың соңғы айы ақпанның 20-сы күні № 2 мектеп бөлімшесінің скауттық топ мүшелері көп уақыт бойы жоспарлап жүрген кезекті сапарына аттанды. Бұл жолы біз Амангелді ауылындағы № 30 және Садовая ауылындағы негізгі мектепке жол тарттық.

Өткен жолы Жамбыл ауылына скаут студенттерінің шаңғымен жөнелтілуі көптеген студенттердің келесі жолы  осы шаңғыны кезекті рет өздеріне серік етуін жөн көрді.  Бұл жолы да біз студеттердің пікірлерін ескере отырып екінші рет шаңғымен сапарға шыққан болатынбыз. Қазақстан Республикасының білім беру үздігі, туризм және ресейлік лапта бойынша қазіргі жаттықтырушы Асқаров Мұхамедқали Сиілұлы және оның жас спортшылары, Садовая ортамектебінің оқушылары  бізге қолдау көрсетіп, осы сәтте жанымыздан табылды.

Бағымызға орай бұл күні ауа райы тамаша болып, күн көзі өзінің нұрын төгіп тұрды. Колледж әкімшілігінің қолдауымен қатардағы 11 студент арнайы киім мен шаңғылармен қамтамасыз етілді. Керемет көңіл-күймен таңертен жолға аттандық. Бірінші кезекте  Амангелді ауылындағы №30 орта мектепке бет бұрдық. Біз жеткенде 9-11 сынып оқушылары және бірнеше мектеп мұғалімдері бізді тағатсыздана күтіп отыр екен. Бірден кәсіптік бағдарлауға көшіп, оқушыларға Қостанай Педагогикалық Колледжіндегі мамандықтар , оқуға түсуге қажет болатын құжаттар тізімін , өз бойларындағы таланттарын көрсете алатын сантүрлі қызықты сайыстар және т.б туралы толық ақпарат бердік. Скауттық топтың талантты студенттері өздерінің шағын концерттік бағдарламаларын көрсетіп, колледждегі қызықты өмірлерін баяндап берді. Еңбегіміздің құр болмағанына дәлел, бірнеше мектеп оқушыларының біздің колледжге түсемін деген ойлары бар екендігі болып табылады.

Сапарымыздың келесі аялдамасы, Садовая орта мектебіне шаңғымен жол тарттық. Бір қатармен, асықпай, барлық шаңғы тебу кезіндегі тәртіптерге бағына отырып, әрі көтеріңкі көңіл-күймен белгіленген жерге жеттік. Мектепте бізді бірден асханаға апарып, дәмді астан ауыз тигізді. Одан кейін оқушылар күтіп отырған акт залында бірден кәсіптік бағдарлауға көштік. Мектеп оқушыларымен шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойындарын ойнап,  олардың шапшаң, әрі ақылды болып өсіп келе жатқанын көріп қайран қалдық. Оқушы ер балалар мен біздің скауттық топ мүшелерінің ұлдары волейбол ойынын ойнап, ең соңында достық жеңді. Оқушылармен ашық түрде әңгіме-дүкен құрып,  бірнешеуі өздерінің болашаққа жоспарлаған іс-әрекеттерін шын көңілімен баяндап берді. Шынымды айтсам, олармен қоштасқым келмеді, алайда кеш болып қалғандықтан қоштасуға тура келді.Қайтарда жол бойы өзіміздің осы күннен алған әсерлерімізбен бөлістік.

АК-21 тобының студенті

Маряк Динара

 

Read 2810 times

Leave a comment

Make sure you enter all the required information, indicated by an asterisk (*). HTML code is not allowed.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


MEMLEKETTIK SAIT

Біздің видео