Алайда, толассыз дамып келудеміз. Орта Азия мемлекеттері арасында өз шегарасын шегелеген жалғыз мемлекет бұл – Қазақстан. Сонымен қатар Әлемдік одақтар мен ұйымдарға өткен 28 жыл ішінде тек мүше ғана болып қоймай, басшылық жасап түрлі деңгейдегі жиындарын да өз елімізде абыроймен өткізе білдік. Әлем елдерінде еліміздің жастарына білім алуға жол ашылып, түрлі деңгейдегі жетістіктерге жетуіне мүмкіндік туды. Қазақтың көк байрағын көгіне көтеріп спортшыларымыз да елімізді әлемге таныты. Осының бәрі еліміздің тыныштықта дамып жатқанының бірден бір дәлелі. Жоғарыда аталған жетістігіміздің барлығы 30 жылға жуық елімізді соғыссыз, әділ басқарған Тұңғыш Президенттіміз Н.Ә.Назарбаевтың арқасы деп білемін.
Құрметті Елбасы сіздің еліміз үшін атқарған әрбір ісіңіз халқыңыздың жадында мәңгілік сақталады. Елімізді бейбітшілікті ұстанған дамудың даңғыл жолына түсіргеніңіз үшін Қостанай педагогикалық колледжі ұжымының атынан және еліміздің ертеңі, жалынды студент жастарымыздың атынан алғыс білдіреміз.
Филология кафедрасының оқытушысы
Арыстан Нұралы Нұрланұлы