«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» челленджі
Өскелең ұрпақты тәрбиелеудің ұлттық құндылықтарын қалыптастыру аясында 2023 жылғы 08 қыркүйекте сағат 12:00-де Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің қабырғасында білім алушылардың салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МИНУТЫ» республикалық челленджі өтті.
«Jastar, аlga!»
4-8 қыркүйек аралығында Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде «Жастар, алға!» ұранымен «Бірінші курс – 2023» өтті. Қостанай жоғары педагогикалық колледжіне 320 зерделі студент оқуға түсті. Бұл жастар ісі жөніндегі комитеттің кеңесшілері қарсы алған рекордтық көрсеткіш. Тренингтер мен эстафеталар,
квесттер мен викториналар, спорттық жарыстар, интеллектуалдық тапсырмалар – мұның барлығы «Бірінші курс – 2023» белсенді студенттер фестивалін қамтиды.