КГКП «КОСТАНАЙСКИЙ ВЫСШИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ»

Управления образования акимата Костанайской области

 Основан в 1963 году                 

г.Костанай, ул. Быковского 9,  корпус 1Б
Учебная часть: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Написать нам

В общежитии КГКП «Костанайский высший педагогический колледж» Управления образования акимата Костанайской области имеются 4 свободных места. Стоимость проживания в общежитии 18 000 т. в месяц.

Архив новостей

« Декабрь 2024 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Четверг, 24 октября 2019 10:18

Практиканың болашақ мұғалім өміріндегі маңызы

Оцените материал
(9 голосов)

Біз АК-31 тобы 2019-2020 оқу жылының 23.09.19-19.10.19 күндері аралығында № 24 мектеп гимназиясында және № 10 орта мектебінде бірінші және төртінші сыныптарда Мектептегі байқау практикасынан өттік.

Бұл практика біз үшін өте маңызды, жауапкершілікке толы болып келді. Қостанай Педагогикалық Колледжінен бірнеше жылдар бойы жинаған теориялық білімдерімізі осы жолы тәжірибе жүзінде көрсетуге үлкен мүмкіндік туды десем де болады. Практика барысында көмегі тиеді деген барлық ақпараттар толқынын бір арнаға тоғыстырып, қорытындылау үшін оқу  практикасы кезінде біраз жұмыстар атқардық. Бірнеше болжамды сабақ жоспарларын құрып, оқу процесін ұйымдастыру жолдарын құруға бейімделе бастадық.

Практика басталысымен топ студенттері өзімізді қолымызға алып, мұғалімге тән қылықтар мен мәдениеттілікті есімізге түсіріп, мойнымызға жүктелген тапсырмалар легін атқаруды бастап кеттік. Оқушылармен танысып, олардың оқып, білім алуға деген ынталарын көріп, өзіміздің  мұғалімдік жауапкершілігімізді сезіндік. Әр сабақ жоспарын сынып жетекші, әр мектепке бекітілген әдіскерлер және де ағылшын тілінің мұғалімімен талқылап, кеңесу арқылы тәжірибесі мол ұстаздардан өте үлкен, әрі маңызға ие ақпарат пен ақыл-кеңестер жиынтығын алдық дегіміз келеді. Атап айтсақ, оқу процесі барысында әртүрлі әдістер мен жұмыс түрлерін оқушыларға қалай және қай уақытта ұсыну керек екендігін, сонымен қатар сабақ құрылымын қызықты, әрі мағыналы ұйымдастыру тәртіптері жөнінде біраз ақпарат алдық. Біз бастауыш сыныптағы ағылшын пәнінің мұғалімдері болғандықтан бұл сабақ оқушыларға өзгеше және де жаңаша болып келеді. Біздің байқағанымыз бойынша оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген ұмтылыстары көрініс тапты. Сондықтан да әуел бастан-ақ білім алушылардың жүрегіндегі ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын ояту, әрі қарай өзге тілді меңгеруге деген құлшыныстарын арттыру біздің міндетіміз болып табылады.

Әр өткізілген ашық сабақтан кейін түсінген бір нәрсеміз, сабақты бүкіл жан жүрегіңмен, шын көңіліңмен берсен, дәл осы сабақтан басқа әлемде керемет сабақ жоқ екендігін түсіну сәті болып табылады. Оқушыларларға қызықты, көңіл көтерерлік, маңызды ақпаратқа толы, алайда оның барлығын оңай, әрі тез меңгерту барысын ұсынған жағдайда балалардың сенің сабағына деген өзгеше керемет көзқараспен қарауы кепілдік.

Біздің  практикада жеткен үлкен жетістігіміз оқушылармен бұрынғыдан да ашық сөйлесіп, олардың қызығушылықтарын, ерекшеліктерін өз бетінше анықтап, әр оқушы болашағы жарқын жарық жұлдыз екенін түсінгеніміз.

№ 24 мектеп гимназиясы мен № 10 орта мектебінің әкімшілігіне осындай тәжірибеден өту мүмкіндігін ұсынғандығына, сонымен қатар Қостанай Педагогикалық Колледжінің шетел тілі кафедрасының мұғалімдері, біздің әдіскерлер Букенбаев Адильжан Нурланович, Шайхетдинова Айнагуль Батыржановна және де Есеметова Кымбат Каржауовнаға мың алғысымызды білдіреміз.

Орындаған АК-31

Маряк Динара

Прочитано 2452 раз

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


Государственные сайты

Наше видео