КГКП «КОСТАНАЙСКИЙ ВЫСШИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ»

Управления образования акимата Костанайской области

 Основан в 1963 году                 

г.Костанай, ул. Быковского 9,  корпус 1Б
Учебная часть: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Написать нам

В общежитии КГКП «Костанайский высший педагогический колледж» Управления образования акимата Костанайской области имеются 4 свободных места. Стоимость проживания в общежитии 18 000 т. в месяц.

Архив новостей

« Декабрь 2024 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Понедельник, 09 декабря 2019 18:28

ҚОСТАНАЙ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫ ӨМІРЛІК ҚИЫН ЖАҒДАЙДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Оцените материал
(12 голосов)

«Өмірдің бір қызығы бала деген...» осы сөзді дұрыс түсінбей бауыр еті баласына дұрыс көңіл бөлмей, қараусыз қалдырып жатқандар қаншама. Қостанай қаласында Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы жұмыс жасайды.

Бұл – жетім балалар үйі емес. Асыраушылары ата-ана құқығынан айрылған балалар уақытша тұрақтап қалатын мекеме. Бұндай мәселелер елімізде өте жиілеп барады. Қазақта көнеден келе жатқан мынадай бір сөз бар: «ел боламын десең бесігіңді түзе». Осынау сөздің астарын терең ұғына білген Қостанай педагогикалық колледжінің ұжымы ертеңгі ел тұтқасын ұстайтын азаматтары өзгелер сияқты қателеспесін, отбасысына, отанына адал болсын, болашақ ұрпақ алдында жауапкершілікті сезіне білсін деген ниетте болашақ «Бастауыш сыныпта ағылшын тілі» пәнінің 1 курс АК-11 тобының студенттерін жетекшісі Таскенова А.Б. қоса осы орталыққа жіберген болатын.

Орталық мемлекеттің қарамағында. Алайда, мемлекет азық бергенімен мейірім мен махаббат сыйлай алмайтыны анық. Үстіміздегі жылдың 3 желтоқсанында Айсәуле Бауыржанқызы бастаған бір топ студенттер өздерінің қызу дайындықтарымен аталмыш мекемеге барып, мейірім шуағын шашып қайтты. Білім алушылар бүлдіршіндерге сан түрлі ойындар өткізу арқылы көңілін көтеріп, мейірімге бөлеп, берілген шектеулі уақыттарын қызықты өткізу үшін өз үлестерін қосты. «Жердегі бір жетім қуанса, көктегі жетпіс жеті періште той тойлайды» деп атам қазақ тегін айтпаған болар, сол күні білім алушылар бүлдіршіндердің қуанышқа толы жүздері мен бақытты күлкілеріне куә болды. Кездесу соңында білім алушылар бүлдіршіндерге өздерінің дайындаған сыйлықтарын табыс еткен соң, естелік үшін жалпы суретке  түсіп, балалардың өміріне кішкене болса да қуаныш сыйлады. Балалар үйінен шықан соң, біз осы кішкентай бүлдіршіндерге қайта оралғымыз келетінін түсіндік. Өзгелерге бақыт сыйлаймыз деп,  өзіміз  бақытқа кенелдік. Бізге осындай мүмкіндік сыйлаған Қостанай педагогикалық колледжінің әкімшілігіне, тобымыздың атынан алғыс айтамын.

Мақаланы дайындаған: Қайырбек Аружан

АК-11 тобының білім алушысы

Прочитано 1967 раз

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


Государственные сайты

Наше видео