КГКП «КОСТАНАЙСКИЙ ВЫСШИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ»

Управления образования акимата Костанайской области

 Основан в 1963 году                 

г.Костанай, ул. Быковского 9,  корпус 1Б
Учебная часть: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Написать нам

На специальности 01140100 Педагогика и методика начального обучения, квалификации 4S01140101 Учитель начального образования, русский язык обучения, 3 курс, на базе основного среднего образования освободилось одно бюджетное место.

Архив новостей

« Май 2024 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Вторник, 18 февраля 2020 09:09

Ерлік ешқашан ұмытылмайды!

Оцените материал
(19 голосов)

Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 75 жыл толды. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.

Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді. Осы бақытты өмірімізді қамтамасыз еткен ата-әжелерімізге бас ие отырып, біз, жастар тойлаймыз.

Т-21 тобында аталмыш мерекеге арналған «Ерлік ешқашан ұмытылмайды!» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.  Топтың барлық студенттері Жеңіске арналған өлеңдерді нақышына келтіре, тебірене, жүректерімен сезіне мәнерлеп оқыды. Сайысқа төрешілік еткен қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Сейлова Ляззат Алдабергеновна, Т-21 тобының студенттері Махамбетова Балаим, Тасанова Акмарал. 1орынға Мұратбек Әсемай, 2 орынға Нұрлыбекова Айдана, 3 орынға Калелова Аида ие болды. Құттықтаймыз!  Ерлік ешқашан ұмытылмайды! Мәңгі біздің есімізде! Құрметпен тағзым етеміз! 

Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы

Жармухамбетова А.А.

Прочитано 1545 раз

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


Государственные сайты

Наше видео