КГКП «КОСТАНАЙСКИЙ ВЫСШИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ»

Управления образования акимата Костанайской области

 Основан в 1963 году                 

г.Костанай, ул. Быковского 9,  корпус 1Б
Учебная часть: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Написать нам

На специальности 01140100 Педагогика и методика начального обучения, квалификации 4S01140101 Учитель начального образования, русский язык обучения, 3 курс, на базе основного среднего образования освободилось одно бюджетное место.

Архив новостей

« Май 2024 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Вторник, 29 сентября 2020 15:29

WorldSkills: Болашақ кәсіби мамандар қолында

Оцените материал
(6 голосов)

  Қостанай педагогикалық колледжінде WorldSkills стандарттары бойынша аймақтық чемпионаттың екінші кезеңі ойдағыдай өтті. «Бастауыш сыныптарда білім беру» құзыреттілігін бағалауда біздің студенттерге

келесі тапсырмалар берілген: сыныптан тыс іс-шараны құрастырып қорғау, жағдаятты алгоритммен шешу және «5 минутта үйретін» атты шеберлік- сыныбының жұмысын ұйымдастыру. Біздің колледж студенттері Ещанова Ақерке Елдосқызы және Бурлачук Владислава Сергеевна өз дайындығын жоғары деңгейде көрсетті.

 Сайыстың екінші кезеңінің алғашқы бөлігінде Ақерке мен Владислава «Менің қалам – менің кіші Отаным» тақырыптарына сыныптан тыс іс-шара құрастыру барысында оқу әдістерін тиімді қолдану арқылы тақырыпты ашып, оқушылардың іс-әрекетін әр-түрлі бағытына ұйымдастыра білді.

 Келесі бөлікте студенттерге жағдаят шешу тапсырмасы берілген болатын. Біздің қатысушылар берілген сыннан да еш мінсіз өтті. Жағдаяттың шешімін табу барысында алгаритмді сақтай атырып, талдайуын дұрыс бағытта жасады.

 Соңғы бөлік студенттердің шығармашылық қабілетіне бағытталған. Міндеті – 5 минуттің ішінде қолданбалы өнер көрсету. Бұл арқылы студенттер қойылған мәселені тез арада шешіп қана қоймай, оған шығармашылық көзбен қарауға дағдысын шындай түсті.

 Осы чемпионат туралы тереңірек ақпарат алу үшін  М-41 тобының студенті Ещанова Ақерке Елдосқызыға және У-41 тобынан Бурлачук Владислава Сергеевнаға келесі сұрақтар қойылды:

 -       Worldskills чемпионаты сендер үшін қиын болды ма?

 -       Worldskills чемпионаты біз үшін айтарлықтай қиын болмады деп айта аламын, себебі, мұның барлығы бізді сайысқа дайындаған  педагогтар мен жетекшілердің қажырлы еңбегінің жемісі деп ойлаймын.

 -       Осы Worldskills чемпионатынан өту барысында сізге қандай сайыс қиындық тудырды?

 -       Жалпы чемпионат барысында біз өте жоғары  жауапкершілікпен дайындалдық, бірақ әлбетте бізге бәрі жеңіл, оп-оңай болған жоқ, маған «5 минутта үйретемін» сайысы қиындық тудырды. Өйткені, тым қатты қобалжып кеткендіктен, бастаған жұмысымды аяғына дейін жеткізе алмадым, бірақ, мен игерген білімдерімнің нәтижесінде, аяғын талапқа сай  қорытындылап, дұрыс түйіндеуге тырыстым.

 -       Чемпионатқа қатысу саған пайдасын тигізді деп ойлайсың ба?

 -       Иә, әрине, менің педагогикалық білімім мен тәжірибеме өте зор үлесін қосты. Мен тек қана қатысып қоймай, өзімнің  мамандығым бойынша күшім мен дәрежемді сынап көрдім, мол тәжірибемен, кеңестер, бағыт-бағдарлар алдым, әлсіз және мықты тұстарымды анықтап, қоғамдық ортамды кеңейттім.

 -       Болашақта бұл чемпионаттан алған тәжірибие сендер үшін пайдасы зор болады деген үміттемін.

 Чемпионаттың қорытындысы ертең 30 кыркүйекте шығады. Ал дәл қазіргі уақытта біз өз студенттерімізді жұмыстарыңа ризамыз!

   Педагогика және психология кафедрасының оқытушысы

Алимбаева Гульшат Бисембаевна

 

 

 

Прочитано 1297 раз

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


Государственные сайты

Наше видео