КГКП «КОСТАНАЙСКИЙ ВЫСШИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ»

Управления образования акимата Костанайской области

 Основан в 1963 году                 

г.Костанай, ул. Быковского 9,  корпус 1Б
Учебная часть: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Написать нам

На специальности 01140100 Педагогика и методика начального обучения, квалификации 4S01140101 Учитель начального образования, русский язык обучения, 3 курс, на базе основного среднего образования освободилось одно бюджетное место.

Архив новостей

« Май 2024 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Вторник, 10 ноября 2020 09:35

Абай –дана, Абай – дара

Оцените материал
(14 голосов)

 2020 жылдың 29 қазанында Қостанай педагогикалық колледжінде «Абай –дана, Абай – дара» атты әдеби-тағылымды кеш өтті. Бұл кеште Абай атамыздың шығармашылығындағы туындылар орындалды.Ұлы Абайдың шығармашылық

мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Шығармаларын табиғат лирикасы, махаббат лирикасы және қара сөздерге бөлуге болады. Қара сөздерінде ақын адамгершілікке, имандылыққа, білім алуға шақырады.Жалпы бұл кештің негізгі мақсаты ақынның көркем-әдеби туындыларын, ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы өсиеттерінің маңыздылығын түсіндіру арқылы білім алушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту, жастардың өмірден өз орнын табуға бағыттау, патриоттыққа тәрбиелеу.Кешті авторлар, колледж кітапханашылары Хусайынова Шолпан Утегеновна мен Байғазина Лаззат Жумакановна жүргізді. Жалпы кеш карантин ережелеріне сәйкес онлайн режимінде,  Zoom платформасында өтті. Әдеби кеш Кереев Асланның орындауында «Төр жорға» күйінен бастау алса, алғы сөзді кітапхана меңгерушісі Урузбаева Райхан Шакановна қостай жөнелді. Кеш барысында ақын шығармашылығынан ғылым, білім, жайлы туындылары жатқа айтылды. Ғұлама Абайға арнап, Ар-13 тобының студенті Әбуталип Зарина, МУЗ-11 тобының студенттері Әбуталип Дарина, Каримова Алтынай, У-13 тобының студенті Бижанова Лариса «Табиғат лирикасын», яғни «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұры» туындыларын жүрекпен орындаса, «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» әнін асқан шеберлікпен кітапханашылар ұжымы мен білім алушылар айтып шықты.Ұлы Абай атамызға арналған әдеби-тағылымды кешке ат салысқан барлық қатысушыларға және жатақхана тәрбиешісі Баранова Светлана Анатольевнаға кітапхана ұжымы өз алғыстарын білдіреді! Кештен студенттер рухани азық алды деп ойлаймыз.

 Шолпан Хусайынова, Лаззат Байғазина

Қостанай педагогикалық колледжінің кітапханашылары

Прочитано 1356 раз

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


Государственные сайты

Наше видео