КГКП «КОСТАНАЙСКИЙ ВЫСШИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ»

Управления образования акимата Костанайской области

 Основан в 1963 году                 

г.Костанай, ул. Быковского 9,  корпус 1Б
Учебная часть: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Написать нам

В общежитии КГКП «Костанайский высший педагогический колледж» Управления образования акимата Костанайской области имеются 7 свободных мест. Стоимость проживания в общежитии 18 000 т. в месяц.

Архив новостей

« Ноябрь 2024 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Понедельник, 30 ноября 2020 17:55

1 желтоқсан тұңғыш елбасы күні

Көп жылдар бойы қазақ халқы тәуелсіз ел болуды армандады. Бақытты өмір сүруді қалады. Қазақ халқының бұл арманы 1991 жылы 1 желтоқсанда орындалды. Осы күні Қазақстан республикасының алғаш президенті ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

сайланды. Қазақстан 16 желтоқсан күні өз тәуелсіздігіне ие болды. Бұл Қазақстанның жаңа өмірге басқан үлкен қадамы еді. Ал оның елбасшысы ешқашан берілмейтін, құрметті ұлы тұлға. Осы күнге жетіп отырғанымыздың өзі елбасымыз Н.Назарбаевтың арқасы. Қазақ халқының ең қиын кездерінде билікті қолыны алып, қандай қиын жағдайлар болсын шыға білді. Елбасымыздың есімі тарихта мәңгі қалады. Елбасымыз не жасаса да біздің игілігіміз бен жарқын болашағымыз үшін жасайды. Еліміз өте тез дамып келеді. Біздің елбасымыз дүниедегі ең керемет елбасы. Олай ойлауымның себебі президент рөлінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің бар жан-тәнімен қазақ халқын тек алға басады. Елді бірлікке шақырды. Қазақ тілінің тәуелділігін асырды. Қазақстанның жас азаматтары үшін қазақ тіліндегі балабақшалар, мектептер, спорт кешеңдерін және т.б оқу орындарын ашты. Қазақстан тарихы, мәдениеті, әдеби шығармалары, өзінің ақын-ғалымдарымен, әлемдегі алып жатқан жерлерімен дүниеге танымал. Біздің кең байтақ әдемі жеріміздей жер бұл дүниеде жоқ шығар. Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Адамның ұлты бейбітшілік пен достастыққа кедергі емес. Елімізде түрлі ұлт адамдары татулықта бірге жұмыла отырып, қызметін әр түрлі саласында еңбектенуде. Біздің халқымызда елін ардақтау сезімі өте терең дамыған. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз өз елің сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Біздің осы бір қасиетіміз жанымызға ана сүтімен тарап, мәңгілік сақталып келген. Өйткені Отан бізге оттан да ыстық. Мен осындай елде туғанымды мақтан тұтамын.Біздің еліміз әрқашан да бейбітшілікті құрметтеген. Әр адам өз туған жерін құрметтеуі және сүю керек. Себебі, адам баласы туған жерсіз, Отансыз өмір сүре алмайды. Әр адамның тұрақты үйі, мекені болуы қажет. Сонда ғана адам бақытты өмір сүре алады. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай. Мен ақша туралы емес, Қазақстанның табиғаты туралы айтқым келген. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік таулары, мөлдір көлдері, өзендері, неше түрлі өсімдіктер өсетін жазықтары. Елімізде өте көп жануарлардың түрлері мекен еткен. Аңдар мен құстарға, дүниеде қырылып жатқан жануарларға арнап көптеген қорықтар жасалған. Қазақстанның жері өте әдемі. Отанымның шұрайлы жерлері мен шөбі шүйгін өлкелерің арқашан да мақтан тұтамын. Еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегеннен бері өшкеніміз жанды, өлгеніміз қайта тірілді, ата-баба дәстүрі көш түзеді, халқымыз еңсесің тіктеп жарқын болашаққа қол созды. Қазіргі Қазақстан туралы айтатын болсақ , көкірегінде мақтаныш сезімі кернеп еске аларлықтай жеткен жетістіктері, асқан асаулары мен бағындырған жаңа белестері бар. Қазір еліміз дамып келуде. Еліміздің дамуына әр-бір отансүйгіш азамат теңізге тамған тамшыдай болса өз үлесің қосуы керек деп ойлаймын. Қазақстан менің туған жерім. Кім де кім менен Қазақстан туралы сұрап қалса, мен оған жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен түсінікті етіп айта аламын. Өз елімді мәңгіге мақтан тұтамын!

Алданыш Аймжан М-21 тобы

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


Государственные сайты

Наше видео