КГКП «КОСТАНАЙСКИЙ ВЫСШИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ»

Управления образования акимата Костанайской области

 Основан в 1963 году                 

г.Костанай, ул. Быковского 9,  корпус 1Б
Учебная часть: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Написать нам

В общежитии КГКП «Костанайский высший педагогический колледж» Управления образования акимата Костанайской области имеются 7 свободных мест. Стоимость проживания в общежитии 18 000 т. в месяц.

Архив новостей

« Ноябрь 2024 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
Понедельник, 30 ноября 2020 17:58

1 желтоқсан – ел тарихы үшін елеулі күн

Қазақстан халқы 1 желтоқсан күні еліміз үшін елеулі оқиға - алғаш рет Тұңғыш Президент күнін атап өтеді. Алайда кейбіреулерді бұл мерекенің шығу тарихы ойландырары анық. Айталық, былтыр ел Парламенті 1991 жылғы 1 желтоқсанда

өткен Тұңғыш Президент сайлауына қатысты осындай шешім қабылдаған болатын. Мұның себебі неде? Себебі тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз.Қазақстан халқы 1 желтоқсан күні еліміз үшін елеулі оқиға - алғаш рет Тұңғыш Президент күнін атап өтеді. Алайда кейбіреулерді бұл мерекенің шығу тарихы ойландырары анық. Айталық, былтыр ел Парламенті 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен Тұңғыш Президент сайлауына қатысты осындай шешім қабылдаған болатын. Мұның себебі неде? Себебі тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз.Сәл тарихқа шегініс жасар болсақ, 1991 жылғы 1 желтоқсанда, алғаш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, егемен Қазақстанның негізін салушы - Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды. Сайлауға қатысқандардың 98,78%-ы жақтап дауыс берді. Бұл жаңа мемлекет қалыптасуының өтпелі кезеңінде сенімді басшыға өз тағдырын тапсырған Қазақстан халқының жауапты таңдауы еді. Шын мәнінде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. Қазақстанның шынайы егемендігін қамтамасыз еткен маңызды мемлекеттік актілерге қол қойылды. Мәселен, 1991 жылдың 29 тамызында Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлығы шықты. Сондай-ақ 1991 жылдың 25 қазанында Президенттің Жарлықтарымен Қауіпсіздік кеңесі және мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Оған дейін Президент «Одаққа бағынған мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды ҚКСР иелігіне ауыстыру туралы» және «ҚКСР-ның алмас және алтын қорын құру туралы» Жарлық шығарды. Қысқасы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің іргетасы осылай қаланды.10 желтоқсан күні Алматыдағы Республика сарайында Президентті ұлықтау рәсімі өтті. Нұрсұлтан На¬зарбаев республиканың көпэтносты халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясын қатаң сақтауға, азаматтардың еркіндігі мен құқықтарын кепілдендіруге, Қазақстан Республикасының Пре¬зидентіне жүктелген міндеттерді адал орындауға ант берді. Одан кейінгі мемлекет құрылысының табысты жылдары Мемлекет басшысының 1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан халқына берген антын тұтастай және толық орындағанын көрсетті.
Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесі сол күні-ақ Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Рес¬пуб¬ликасы деп өзгертті. Еліміз бүгінде бүкіл әлемге танымал жаңа атқа ие болды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конс¬титуциялық заңы 1991 жылғы 16 желтоқсан күні қабылданды. Осы заң негізінде еліміз өзінің Тәуелсіздігін жария етті. Осы заңның 1-тарауында: «Қа¬зақстан Республикасы - тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет. Қазақстан Республикасы барлық мемлекеттермен өзара қатынасын халықаралық құқық принциптерi бойынша құрады. Өзiнiң мемлекеттiк тәуелсiздiгiн басқа мемлекеттердің тануы үшiн Қазақстан Республикасы ашық. Қазақстан Республикасының бүкiл тер¬риториясында Қазақстан Респуб¬ликасының Конституциясы мен заңдары, сондай-ақ ол таныған халықаралық құқық нормалары қолданылады. Қазақстан Респуб¬ликасының территориясы қазіргі шекараларында бiртұтас, бөлiнбейтiн және қол сұғуға болмайтын террито¬рия болып табылады», - делінген. Рас, содан берігі 21 жылда елдің іргесі сөгілген жоқ. Ұлтаралық та¬тулыққа селкеу түспеді. Яғни Конс¬титуциялық заңның дер кезінде қа¬былдануы Қытай, Ресей, Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстанмен шекараны реттеуге ықпал етті. заң Еуразиялық кеңістікте тұрақтылық пен серіктестік, сенім саясаты не¬гіздерін қалыптастырды. Шындығы сол, «Қазақстан Рес¬пуб¬ликасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды қабылдау жаңа тәуелсіз мемлеке¬ті¬міздің шынайы егемендігінің бастауы болды. Тыңнан түрен салған Қазақстан халқы, оның Көшбасшысы тәуелсіз мемлекеттің басым бағыттарын нығайтты. Ең алдымен шынайы егемендікті жария етіп, сыртқы әлемге танылуға қол жеткізілді. Сайын БОРБАСОВ, саясаттанушы:Назарбаев - керемет сәулетші- Тәуелсіз Қазақстанның қа¬лыптасуы Президенттің қызметімен тікелей байланысты. Яғни Ұлт Көшбасшысының ғылыми, саяси ізденістерімен байланысты десек - қателеспейміз. Бұл - ақиқат. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Мысалы, 1993 жылы «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясы» деген еңбек жазды. Сонда «Қазақстан құқықтық демократиялық мемлекетке айналуы үшін қандай қадамдарға бару керек, экономиканы дамыту үшін қандай міндеттерді атқару керек, нарықтық қатынастарды қалай қалыптастыру қажет, Қазақстанның мемлекеттік мүддесі дегеніміз не?» деген сауалдарға жауап береді. Сондай-ақ осы аталған міндеттемелерді қалай атқарылуы керектігі көрсетілген. Міне, сол тәуелсіздіктің алғашқы жылдары-ақ, яғни 1993 жылы Президент Қа¬зақ¬стан дамуының басты бағдарын анықтап берді. Одан кейін 1997 жылы «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы жасалды. Онда еліміздің тұтастығы, қауіпсіздігі, халықтың әл-ауқаты, бәрі-бәрі қамтылған.      Бағдарламада «біз алдағы отыз жылдың ішінде орта дамыған мем¬лекеттердің қатарына кіреміз» деген мақсат қойылған болатын. Қазір біз отыз жылдың ішінде емес, бар-жоғы он бес жылдың ішінде әлемдегі да¬мыған, өркениетті мемлекеттердің қатарына ендік. Бұл табыс па - табыс! Пре¬зиденттің еңбегі ме - еңбегі! Мұны қарапайым еңбек адамынан бастап, лауазым иелеріне дейін бір- ауыздан мойындайды. Рас, алғашында 2030 бағдарламасы утопия секілді көрінген. Бірақ уақыт өте келе бағдарламада қамтылған салалардың бәрі жемісін берді, нә¬тижесін көрсетті. «Қазақстан ин-дустриялық-иновациялық елге айналу керек» деген болатын Елбасы. Қа¬зақстан тек шикізат отаны болып қалмауы тиіс, өндіріп, өңдеп шығаратын іргелі елге айналуы қажеттігі де айтылған. Соның бәрі бүгін орындалып жатыр. Бұдан тыс, сыртқы саясатқа келетін болсақ, Елбасының бұл салада да үлесі сүбелі. Еңбегі ерен. ТМД-ның негізн салуға, осы аяда өмір сүріп жатқан тәуелсіз мемлекеттердің бостандығы баянды болуына, елдер арасында достық пейілдегі жақсы қарым-қатынас орнауына ерекше тер төкті. Саяси, экономикалық, мәдени интеграция құруға арналған көптеген бастама-жобалардың авторы болды. Мәселен, Еуразиялық экономикалық қо¬ғамдастық, Бірыңғай экономикалық кеңістік, Кеден одағы, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы, Шанхай Ынтымақтастық ұйымы, т.б. атауға ие болады. Бұдан тыс, қазіргі кезде түркітілдес мемлекеттер одағын құру жөніндегі бастамасы да үлкен қолдау табуда. Сөз жоқ, үлкен саясаткер, әлемдік деңгейдегі бірегей тұлға. Еуропаның қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымына, Ислам ынтымақтастығы ұйымына Қазақстанның төрағалық етуінің бәрі Нұрсұлтан Назарбаевтың беделінің арқасы. Әлем Қазақстанды Елбасының арқасында таныды, мойындады. Елбасы «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген. Айтқаны келді. Қазақстан тәуелсіз ел атанды. Нұр¬сұлтан Назарбаев тәуелсіз еліміздің керемет сәулетшісі.Уәлихан ҚАЛИЖАНОВ, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер ¬инс-титутының директоры, филология ғылымдарының докторы:Елі еріне, ері еліне сенген ұлы тұлға!- Ғасырлар тоғысып, заман алмасып жатты. Өзгермеген бір-ақ нәрсе! Ол -егемен ел болам деген қазақтың арманы еді. «Елім-айлап» зарлады, қызыл қырғын кезінде 4 миллион қазақты аштық жалмады. 48 мың ұлтын сүйген Алаш оғландары мен қыздары атылды, жер аударылды, елінен, ана тілінен айырылды. Бірақ санадағы сәуле өшпеді. 1986 жылдың жел-тоқ¬санында Алматының қақ төрінде, Алатаудың етегінде қазақтың ұл-қызы тағы да қырғынға ұшырады. Енді қазақ қызы күң бола алмайды, енді қазақ ұлы құл бола алмайды! Қылбұрау бостандық рухын тұншықтыра алмайды. Аппақ қар қып-қызыл түске боялды! Қазақтың ғасырлар бойы бұғып жатқан ар-намысы оянды. Бұл осылай келген егемендік еді. Сын сағаты соқты. Осы жойқын халық қаһарынан қаймықпауға бола ма? Қолы от көсеген, еңбекпен көсегесі көгерген, халықтың өз ішінен жарып шығып, Абылай бабасының арманын арқалап, Тәуелсіздіктің көк жебесі болып Нұрсұлтан Назарбаев тарих сахнасына шықты. Әлем назары Қазақстанға ауды. Жеке мемлекет болып көрмеген, жеке саясатын жүргізбеген кешегі Ресейдің колониясы, Кеңестер Одағының «соқыр ішегі» болған қазақ елі егемендіктің тізгінін ұстай алар ма екен деп сырттан сынап қарағандар да болғаны жасырын емес-ті. Бірақ дос сүйсінді, дұшпан күйінді. Қазақ ел бола алады екен! Қазақ бір көк Тудың астына жинала алады екен. «Қазақтың бүкіл тарихы - бірігу тарихы» деп Н.Назарбаев қадап айтқандай, Егемендік, Тәуелсіздік, Ана тілі ұлтты біріктіруші күшке, ұлттық идео¬ло¬гияның рухани тірегіне айналды. Н.Назарбаев мемлекеттіліктің өр¬кениет жолын ұсынды. Президенттік саяси институт енгізілді. Осылай қазақтың Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ата заңға сүйеніп, халық алдында Ант берді. Тәуелсіз Қазақстанның көк Байрағын тізерлеп отырып сүйгені тарихи сәт еді. Бұл бірінші рет өткі¬зілген инаугурация болатын. Бәрі толқыған. Осындай кезеңде ту тұғырға берік орнатылмағаны бай¬қалды. Шайқалып қалды. Қас-қағым сәтте Президент туды тұғырына берік қадап, ырғап-ырғап қатайтып бекітті. Міне, содан бері тәуелсіздік туын шайқалтпай, берік ұстап, көк Бай¬рағымыз әлемдік тулардың қасында қатар желбіреп тұр. 21 жылға жетер-жетпес уақытта Қазақстан әлемнің азулы мемлекеттерінің қатарынан өз орнын ойып алды. Қазақстан Пре¬зидентінің ұсыныстары жаңа әлемдік тәртіпті орнықтырудың көзіне айналды. Осылай қазақ халқының етектегі басы төрге шықты. Н.На¬зарбаев жаһандық саясаттың мін¬берінен сөз алды. Дауысы Алатаудан асып, Сарыарқадан шығып, кәрі Каспийден өтіп, Алтайды айналып, Біріккен Ұлттар Ұйымының мінберінен бір-ақ шықты. Ғасырға бергісіз жиырма жылдың ішінде қазақ деген ұлтты, Қазақстан атты мемлекетті кәрі Еуропа да, мұхиттың арғы жағындағы АҚШ та, көрші Ресей мен Қытай да мойындап, стратегиялық әріптестікке қол қойды. Қазақтың шекарасы айқындалып, ол Ресей, Қытай, Өзбек елі Пар¬ламентінде тиісті ратификациядан өтті, заңды құжатқа айналды. Шекара делиматация, демаркация жасалып, ешкім қол сұға алмайтындай заңмен бекітілді. Әлем жаңа Қазақ мем¬лекетін, оның Президентін осылай мойын¬дады. Қазақстанның жаһандық саяси додада шешуші дауысы бар. Әлем лидерлері Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың уәлі сөзін де тосатын, кесімді пікірімен санасатын, айғақ ойына келісетін болды. Бұл - Н.Назар¬баевтың ғана таққа отыруы емес, қазақтың таққа отырғаны емес пе?! Қазақстандық даму жолы, көпқыр¬лы сыртқы саясат, ядролық қарудан бас тарту, ұлтаралық келісім мен діни толеранттылық, ШЫҰ, ЕурАзЭҚ, СВМДА сияқты ұйымдардың бойына қан жүгірту, ЕҚЫҰ, ОИС, ҰҚШҰ сынды іргелі ұйымдарға төрағалық ету, Дәстүрлі әлем діндері лидерлерінің төрт съезінің Қазақстан жүрегі - Астанада өтуі Қазақстанның қысқа мерзімде алған белесі мен толайым табысы.      Н.Назарбаев экономиканың даму үрдістерін тани білетін және ондағы Қазақстанның орнын айғақтаған саясаткер ғана емес, ғалым екендігін мойындатты. Нарықтық қатынастарға бейімделген «Назарбаев моделін» жүзеге асырды. Осылай қысқа мерзім ішінде Қазақстан дү-ниежүзіндегі қарқынды дамып келе жатқан үш елдің қатарына енді. Бұл күні кеше то-талитарлық жүйенің, экономикасы таза шикізат көзіне тәуелді мемлекет үшін экономикалық бұғауды үзіп шыққанмен бірдей еді. Сондықтан да Елбасы «Әуелі - экономика, сонан соң саясат» деді. Бұл өз жемісін берді. Қазақстан әлем өркениетінің озық тәжірибесін игер¬ді. Оны Қазақстан жағдайына лайық жүйеге түсірді. Осылай Қазақстанда индустрия¬ландыру саясаты қолға алынды. Оған инновациялық үрдіс қосылды. Мұның бәрі ел экономикасын мүлдем басқа арнаға бұрды. Жаңа технологияларды алып жүретін жаңа ұрпақ, жас кадрлар қажеттігі туды. Мұны да Н.Назарбаев оңтайлы шешті. «Болашақ» бағ¬дар¬ламасымен сегіз мыңға жуық қыз-жігіт шетелдің озық университеттеріне жіберілді. Олар Қазақстанға жаңа ойлау жүйесін алып келді, жаңа технологиялар игеріле бастады. Сайып келгенде, уақыты кел¬генде ондай кадрларды Қазақстанда даярлау ісі қолға алынды. Назарбаев ин¬тел¬лектуалдық мектептері, «На¬зарбаев Университеті» талантты балаларға есігін айқара ашты.Егемендік, тәуелсіздікті нығайту үшін билік аппараттарының үйлесімді жұмыс істеуі ғана емес, олардың теңгермешілігін сақтау қажет болды. Сондықтан да Н.Назарбаев қа¬зақстандық басқару жүйесін құрды. Қазақстанда көппартиялық қа¬лыптасты. Үш партияның өкілі Қа-зақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде депутат болып отыр. Оған Н.Назарбаевтың өзі құрған, мәртебесін заңмен бекіткен Қазақстан халқы ассамблеясы бар. Оның 9 өкілі Парламент мәжілісінің депутаты.      Қазақстанда шынайы сөз бос¬тандығына қол жеткізілді. Бұл дек¬ла¬ративті сөз бостандығы емес.  Шын мәнінде солай. Республикада 2700-ден астам бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген. Олардың 70 пайызға жуығы саяси партиялардың, қоғамдық ұйым¬дардың, жекелеген азаматтардың қолында.Қазақстан өз тәуелсіздігінің 20 жылы ішінде әлем мойындаған мемлекеттердің қатарына қосылды. Еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаев аз ғана жылдың ішінде бұрын-соңды болмаған мемлекет құрды. Мыңдаған жылдар бойы бабаларымыз аңсаған тәуелсіздіктің туын көтерді. Әлемнің 150-ден астам елдерімен дипломатиялық қатынас орнатты. Қазақстан өзге мем¬лекеттердің даму жолдарын саралады, өзінің көпқырлы саясатын қа¬лып¬тастырды, ұлттық сана мен ұлттық танымға үлкен өзгерістер енгізді. Ұлттық идеологияның, мемлекеттік саясаттың басым бағыттары белгілен¬ді. Қазақстанның Ата заңына сәйкес қазақ тілі - Мемлекеттік тіл деп айғақталды. Қазақстан - жас мемлекет. Республика халқының орта жасы да 35-ті құрайды. Демек, Қазақстанның болашағы жастардың қолында. Олар аталары мен бабалары құрған мем¬лекеттің тізгінін берік ұстап, әлем мойындаған Қа¬зақстанды одан әрі асқақтата бермек. Оған қажетті қамқорлық мемлекет тарапынан жасалған. Енді сөз жастарда, ендігі мәселе орнықты жастар сая¬сатында. Иә, Елбасы қадап айтқандай, Қазақстан халқы - білімге, ғылымға құмар халық. Оған сауаттылық жа¬ғы¬нан Қазақстанның әлемдік көрсеткіш бойынша 4-орында тұрғанын айтсақ та жеткілікті.
Н.Назарбаев армандаған болашақ Қазақстан қандай?
Ол - ана тілінде еркін сөйлейтін, орыс тілін игерген, ағылшын тілін меңгерген ұрпақтың Қазақстаны.
- Ұлты тату, этникалық толерантты - Қазақстан!
- Кез келген Қазақстан азаматы кез келген әлем еліне барып жұмыс істей алатын, таласқа жарайтын ұрпақ тәрбиелеген - Қазақстан!
- Индустриялық-инновациясы өркендеген - Қазақстан!
- Терезесі тең, керегесі кең - өркениетті Қазақстан!
Ауылы мен қаласы қатар өскен - қуатты Қазақстан! Бүгінде Қазақстан кемел ел, ынтымағы жарасқан мемлекетке айналды. Тарихта жеке адамның рөлін ешкім жоққа шығара алмайды. Н.Назарбаев уақытын безбендеп, заманын таныған, бо¬ла¬шақты болжаған ірі саясаткер.
Елдің басшысы қандай болса, халқы сондай.Н.Назарбаев - елі еріне, ері еліне сенген ұлы тұлға!
Дж.БУШ (АҚШ-тың экс-президенті): «Ол болашақты болжай алады».Маргарет ТЕТЧЕР (Англияның экс-премьер-министрі): «Назарбаев - қалыпқа сыймайтын тұлға».Дж.АЙТКЕН (Н.Назарбаевтың өмірбаяншысы, ағылшын жазушысы): «Өмірі... халқының тағдырымен қабысып жатқан... кейіпкер ретінде де заман жүгін көтеріп тұратын саяси қайраткерлердің өмірі қызықтырады».В.Ф.ЯНУКОВИЧ (Украина президенті): Сіз салмақты, прогресшіл Қазақстан Президентісіз.Намық Кемел ЗЕЙБЕК (Түркияның экс-мәдениет министрі, саясаткер): «Қазақстан ең алғаш тәуелсіздігін алғанда біз Қазақстан үшін Түркия үлгі боларлық мемлекет болады дедік, ал 17 жыл өткен соң біз Түркия үшін Қазақстан үлгі боларлық мемлекетке айналды деп мойындауға мәжбүрміз». Юрий Солозобов, саясаткер, Ресей ұлттық стратегиялық зерттеулер институтының халықаралық жобалар жөніндегі директоры: «Қазақстанның сыртқы саясаттағы беделі күннен-күнге нығайып келеді. Бұл Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың дана, дара саясаты мен серпінді жобалар жөніндегі бастамаларынан бастау алып отыр».Владимир ЖИРИХИН, саясаткер, Ресейдің ТМД елдері жөніндегі институты директорының орынбасары: «Нұрсұлтан Назарбаевтың жиырма жылдық Президенттік қызметін әлбетте жоғары бағалау керек. Ол Кеңестер Одағының шытынаған халық шаруашылығының қалдығына айналған қаңыраған Қазақстанды өз қолына алды. Сөйтіп, Кеңестер Одағының құлдыраған елін дербес даму-траекториясына шығарды. Мұндай терең саяси және экономикалық міндетті Президент Н.Ә.Назарбаев тиімді шешті».

Амирханова Гульнура М-21

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


Государственные сайты

Наше видео