КГКП «КОСТАНАЙСКИЙ ВЫСШИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ»

Управления образования акимата Костанайской области

 Основан в 1963 году                 

г.Костанай, ул. Быковского 9,  корпус 1Б
Учебная часть: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Написать нам

В общежитии КГКП «Костанайский высший педагогический колледж» Управления образования акимата Костанайской области имеются 4 свободных места. Стоимость проживания в общежитии 18 000 т. в месяц.

Архив новостей

« Декабрь 2024 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Среда, 30 декабря 2020 15:43

АБАЙДЫ ТАНУ –ӘЛЕМДІ ТАНУ

Оцените материал
(29 голосов)

Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Даналықты көздесең

Жат, тоқып ал көңілге, - деп Сұлтанмахмұт Торайғыров бабамыз жырлағандай, Абай – мен үшін өлеңнің атасы.

Абай Құнанбайұлы қазақ халқының басындағы мәңгі өшпес жарық жұлдызы. Абай – қазақтың ұлттық философиясының негізін салушы, жаратылыстың құпиясына, табиғат пен қоғамның, адам мен заманның сырына терең бойлаған кемеңгер ойшыл. Ақын ел арасында болатын көптеген жағымсыз әрекеттер: іштарлық, көрсеқызарлық, сондай ақ көреалмаушылық, еріншектік, жалқаулық сияқты теріс қылықтардан аулақ болуға үндеп, ұрпаққа үлгі көрсетпек түгілі қара басын әрең алып жүрген мына халықтың берекесіз тірлігін күні бұрын көріп тұрғандай ашық та айқын суреттеп, тереңнен баяндаған. Абай қазақ қоғамын ерінбей еңбек етуге шақырды.
Абай өмірі мен шығармашылығын дәріптеу республикамызда жоғары деңгейде атап өтілді. Осы орайда колледжіміздің жас мамандары мен студенттерін Ұлы ақын Абай өмірі тақырыбында біріктіру көпшіліктің көңілінен шықты деп ойлаймын. Білім алушылар мен ұстаздар аталмыш ісшара барысында өздерінің тек Абай өмірі мен шығармашылықтары танып қана қоймай өздерінің өмірлерінде руханиятына сіңіргендіктерін көрсетті. Сайыс үш кезеңнен тұрды әр кезеңде қатысушыларға түрлі тақырыптарда сұрақтар қойылып, мардымды жауаптар алынды. Әрбір сайыстың өзіндік шарты болғандай қатысушылар бірінші кезеңде сұрақтарға жауап беріп Абай Құнанбаевтың бір өлеңін жатқа айтса, екінші кезеңде қара сөзін жатқа айтып оны түсіндіруі қажет болатын. Ал үшінші кезеңде Абайдың композиторлық өнерін таныту мақсатында ақынның әнге айналған туындыларын орындау сынды талаптар қойылды. Сайысқа қатысқан «Білімгер» (Арыстан Н.Н- филология кафедрасы, Абишева А.Ю, Искандырова Н.Ж - музыка кафедрасы, Деннер Н.Н- шет тілдер кафедрасы, Пивоварова Р.Р- жаратылыстану кафедрасы) және «Асыл сөз» (Т-31 Кенжебаева Еркежан, М-21 Бекдуллаева Назерке, Сандыбекова Жансая, Муз-21 Бейсенбаева Карлыгаш, Ак-41 Орынбай Айдана) бір-бірінен қалыс қалмай бар ынтасымен өз білімдерін дәлелдеуге тырысты. Сайыс барасы қызықты әрі тартысты өтті. Ісшара өзінің алға қойған мақсатына жете алды деп ойлаймыз. Студенттер мен ұстаздар арасында байланыс орната отырып Абай шығармашылығын дәріптеу Баекенова С.А. ұтқыр ойымен, озық тәжірибесінің арқасы деп ойлаймын.

Филология кафедрасының
оқытушысы: Арыстан Н.Н

Прочитано 1539 раз

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


Государственные сайты

Наше видео