КГКП «КОСТАНАЙСКИЙ ВЫСШИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ»

Управления образования акимата Костанайской области

 Основан в 1963 году                 

г.Костанай, ул. Быковского 9,  корпус 1Б
Учебная часть: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Написать нам

В общежитии КГКП «Костанайский высший педагогический колледж» Управления образования акимата Костанайской области имеются 4 свободных места. Стоимость проживания в общежитии 18 000 т. в месяц.

Архив новостей

« Декабрь 2024 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Среда, 30 декабря 2020 15:48

Жаңартылған білім мазмұны-жаңашылдыққа бастама

Оцените материал
(24 голосов)

«Білімді ұрпақ – болашақтың кепілі»,-деп дана халқымыз айтқандай, бүгінгідей ел болашағы – жас буынды заманына сай лайықты жеке тұлға ретінде қалыптастыру болып табылады. Оқытудың тиімділігін арттыру үшін әр сабақта жаңа

технологияларды қолдануымыз қажет. Себебі жаңа технологиялардың ерекшелігі-оның оқушыға жан-жақты ықпал етуі. Яғни, тек білімді немесе оқу бағдарламасын меңгертіп қоймай, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін (есту, көру), өзін-өзі дамыту, бекіту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, белсенді сөздік қорын дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге деген ықыласы мен іскерлігін, оқу-танымдық ынтасын жетілдіру, әрі жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға жетелейді.
Осы мақсатты көздей отыра, педагогика және психология кафедрасының әдіскерлерімен ұйымдастырылған  « Жаңартылған білім беру аясында  пәндерді оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбында  «Бастауыш білім беру » мамандығының 4 курс студенттеріне арналған шеберлік сабағы өтті.  Шеберлік сабағында  Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 5 «А» мектеп-гимназиясының  3-сынып оқытушысы Синнер Татьяна Александровна және колледжіміздің үздік түлектері Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің   Федосеев негізгі мектебінің 3-сынып оқытушысы  Батырханова Асем Болтириковна,  Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 29 орта мектептің 1-сынып оқытушысы  Сапабекова Диана  Маралқызы өз сабақтарындағы жаңартылған білім мазмұнынында  оқытудың әдіс-тәсілдерін үйлестіре қолдану жолдарын көрсеткен болатын. Оқытушылар «Әдебиеттік оқу», «Сауат ашу», «Жаратылыстану» пәндері бойынша өз сабақтарында оқу әрекеттеріне сәйкес тапсырмаларды түрлендіру, бірлескен топтық жұмысты ұйымдастырудағы әдіс-тәсілдерді, диалогтік оқыту, проблемалық оқыту, сын тұрғысынан ойлауды қалыптастыратын стратегияларды сонымен қатар ақпараттық коммуникациялық технологиялардың оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай қолдану жолдарын көрсетті. Интернет технологиясын, мультимедиалық технологиялары  Bilimland.kz , Imektep.kz қосымшаларында оқушыларға тапсырма беру  жолдарын үйреткен болатын.
Шеберлік сабағына  «Бастауыш білім беру» мамандығының  4 курс студенттері қызығушылық білдіріп, белсене қатысты. Топ студенттері шеберлік  сабақтарында тәжірибе алмаса отырып, жаңа оқыту әдіс-тәсілдерін саралап, талдау жасады.

Прочитано 1785 раз

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


Государственные сайты

Наше видео