КГКП «КОСТАНАЙСКИЙ ВЫСШИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ»

Управления образования акимата Костанайской области

 Основан в 1963 году                 

г.Костанай, ул. Быковского 9,  корпус 1Б
Учебная часть: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Написать нам

В общежитии КГКП «Костанайский высший педагогический колледж» Управления образования акимата Костанайской области имеются 4 свободных места. Стоимость проживания в общежитии 18 000 т. в месяц.

Архив новостей

« Декабрь 2024 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Пятница, 12 февраля 2021 13:25

Мейірімділік – асыл қасиет

Оцените материал
(12 голосов)

Мейірімділікті анадан үйрен
Халық даналығы

2021 жылдың 11 ақпанында «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі аясында М-11 тобында «Мейірімділік – әлемді шарлайды» тақырыбында куратор сағаты өтті. 

Куратор сағатының мақсаты: білімалушылардың бойында рухани-адамгершілік  қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.

Мейірімділік – ізгіліктің жолы. Сүйіспеншілік, қайырымдылық сезімдері ең әуелі әр адамның өз отбасынан бастау алуы керек. Әлемге мейірім шуағын шашу – ол адамзатқа, табиғатқа, жан – жануарға деген сүйіспеншілік пен қамқорлық деп білемін. Әлемге мейірім төгу – адамның ішкі сезімінің бір бөлігі. Мейірімді болу – өзге адамға жан жылулығы, ізгі ниеті мен лебізін білдіру деп түсінемін. Ал, табиғатқа деген мейірімділік ағаш отырғызудан, өсімдіктер егуден басталады.

Жүсіп Баласағұни бабамыз «Кір тигізбей ұста ойыңның өрісін, мейірім етсең – мейірімділік көресің» деген. Егерде адам баласы шын ниетімен мейірімді, қамқоршы болса, онда сол адамға соншалықты сауап жиналады екен. Жақсылық жасау адамның жан дүниесінде ұйықтап жатқан сезім, оны оята білу керек. Сенің өмірде жасаған әр бір сауапты істерің, мейірімділігің бір тамшыдан жинала өзен арқылы теңізге айналады. Сол теңізден мейірім тамшысы әр балаға жетіп жатса, ұрпақтың ертеңі айқын болмақ.

Қазіргі әлемде болып жатқан төтенше жағдайға қарамастан мұқтаж жандарға мейірімділігін көрсетіп жүрген қаншама адамдар бар. Дүние жүзі осындай қиын жағдайға дұшар болғанда, адамдар бір – бірімізге мейірімді болып, қамқорлық жасайық. Әсіресе отбасымызбен бірге болайық, отбасымызға мейірімділікті шексіз төгейік. Сонда ғана мейірімділік арқылы бар әлемді құтқара аламыз.

Абдирова Аружан
Жұмабек Жаңылдық
М-11 тобының студенттері
Кенжегарина.А.А
М-11 тобының кураторы

Прочитано 8222 раз

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


Государственные сайты

Наше видео