КГКП «КОСТАНАЙСКИЙ ВЫСШИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ»

Управления образования акимата Костанайской области

 Основан в 1963 году                 

г.Костанай, ул. Быковского 9,  корпус 1Б
Учебная часть: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Написать нам

В общежитии КГКП «Костанайский высший педагогический колледж» Управления образования акимата Костанайской области имеются 4 свободных места. Стоимость проживания в общежитии 18 000 т. в месяц.

Архив новостей

« Декабрь 2024 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Вторник, 16 февраля 2021 18:02

Бақыттың кілті өз қолыңда!

Оцените материал
(10 голосов)

Әрбір адам  -  өз тағдырын жасаушы.

Саллюстий

Бақытты болу үшін асып-тасқан бай не болмаса атағың жер жарған атақты болудың қажеті жоқ. Ең бастысы өмірге келген соң өзіңнің жолыңды қалыптастыру.

Ол дұрыс жол бола ма, теріс жол бола ма өзіңе байланысты. Бірақ, бір нәрсені бірген абзал «бақыттың кілті өз қолыңда». Жарық дүниеге келген сәттен бастап ата-анаңның аялы алақанында боласың, одан кейін мектепке барасың, содан кейін өзің жасауға тиіс таңдаулар тұрады. Міне, солар сенің ары қарай қалай өмір сүретініңе байланысты. Мамандық таңдау, егер дұрыс мамандық таңдасаң, құлшына еңбек етіп жемісін көресің. Ал, егер өзің қаламайтын мамандық бойынша жұмыс істейтін болсаң, ешқандай қызық та, құлшыныс та болмайды. Жұмыс жасап жүріп өзіңді бақытты сезінуге де бақытсыз сезінуге де болады. Одан кейін отбасы құру. Сыйластыққа, сезімге құрылған отбасының ғұмыры ұзақ болатыны сөзсіз. Айтайын дегенім, өз жан-дүниемізбен жиі сырласу қажет. Жүрегің нені қалайды сол бойынша әрекет жаса. Жақсылық жасаудан ешқашан да бас тартпа. Міне, сонда ғана өзіңді бақытты сезінесің.

Біз бітіруші түлектер  « Бақыттың кілті өз қолыңда» атты Т-11 тобына  вебинар өткіздік.Бұл вебинардың ұйымдастырудағы мақсатымыз ,студенттердің өзін жақсы көруге,айналасындағы адамдармен жақсы қарым-қатынас жасап,білімге ұмтылуға деген құштарлықтрын артыру болды.

Вебинер барысында студенттер өздерінің ойларымен бөлісіп,көп пайдалы ақпараттар алды.Сонымен қоса, адамның мінез-қылығының, оның өміріне үлкен әсері бар. Оның өмірінің сәтті болуы, жолының болуына мінез-қылығындағы, сеніміндегі кінәраттар кедергі келтіреді.Біз осы қасиеттерге ерекше тоқталдық.Неге?Өйткені адам бойындағы тәкәппарлық,өзімшілдік,қызғаныш,көре алмаушылық, өтірік айту,біреудің ақысын жеу секілді жаман қасиеттерден  құтылмаса ол өз қолында тұрған бақытын ұшырып алады.

«Мен егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім»  деп Абай атамыз айтқандай егер адам баласы шын ниетімен тырысып,қаласа мүмкін болмайтын нәрсе жоқ.

Сонымен қатар біз студенттерге қалай жағымсыз ойлардан сақтау керек екендігі жайында айттық.Қысқаша айтар болсам, «біздің барлық ойымыз – материалды болып табылады, сондықтан да не ойласақ, сол орындалады. Сондықтан әрдайым жақсы дүние ойлауға тырысыңыз.Кешіре біл. Біреуге қанша ренжіп, ашулансаңыз да, кешіре біліңіз. Ренішін ішіне жинап, өкпелей беру – ауыр жүк, ауруға алып келеді. Сол себепті, жағымсыз ойларды сақтамаңыз.Өз шегіңізді біліңіз, өзіңізді тым қатаң мінемеңіз.
Қымбат уақытыңызды өсекке жұмсамаңыз. Іштарлық уақытты бос жіберумен тең. Сізде сізге керектінің бәрі бар» деп жақсы ойлай білуге шақырдық

Қорыта айтқанда,ешнәрсе адамға оңайлықпен келмейді. Сол себепті бақытты болу, бақытты өмір сүру өз қолыңда!

Т-41 тобының студенттері:

Қайрат Дамира

Рахымбек Мадина

Топ жетекшісі:

Ералина А.Е.

Прочитано 2389 раз

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


Государственные сайты

Наше видео