КГКП «КОСТАНАЙСКИЙ ВЫСШИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ»

Управления образования акимата Костанайской области

 Основан в 1963 году                 

г.Костанай, ул. Быковского 9,  корпус 1Б
Учебная часть: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Написать нам

В общежитии КГКП «Костанайский высший педагогический колледж» Управления образования акимата Костанайской области имеются 4 свободных места. Стоимость проживания в общежитии 18 000 т. в месяц.

Архив новостей

« Декабрь 2024 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Пятница, 26 февраля 2021 11:58

«Есігіміз қашықтықтан да ашық»

Оцените материал
(11 голосов)

Қазіргі таңда оқушылардың өздері таңдағысы келетін болашақ мамандығы, қай оқу мекемесінде білім ала алатыны туралы ақпарат табу қиын.  Әрине, Интернет желісінен кез-келген ақпаратты іздеп табу  мүмкін, бірақ бұл ақпаратты оқу мекемелерінің студенттерінің аузынан естіген тиімді, әрі дұрыс болар еді.

Бүгін біз, Қостанай педагогикалық колледжінің скауттар тобы Қостанай ауданының мектеп оқушыларымен профрентациялық жұмыс, колледжіміздің агитациясын жүргіздік. Оқушыларға мәлімет түсінікті, әрі қолжетімді болу үшін біз қызықты презентация, колледж мамандықтары туралы мәлімет, осы мәліметті қорытындылайтын және оның қаншалықты жақсы игерілгенін тексеретін “Kahoot!” бағдарламасын қолданып, шағын ойын ұйымдастырдық. Осындай конференциялардың  болашақ студенттерге берері өте көп. Болашақ студенттер конференцияға қатыса отырып, біздің оқу мекемеміз туралы көз қарастарын қалыптастырып, өздеріне ең қажетті деген ақпарттарды ала алады.

Бүгінгі өткізілген  конференцияның колледж студенттерінің ұйымдастырғаны және ат салыса қатысқаны өте қолайлы, себебі оқушылар, біздің, яғни студенттердің айтқанын оңай қабылдайды. Ең бастысы

біз-студенттер өзіміздің жеке тәжірибемізбен, күнделікті көріп жүрген колледж өмірін айтып, өз көзқарасымызбен бөлісе аламыз. Кәсіптік білім таңдау жеңіл қабылданатын шешім емес. Ал біз, студенттер, қазіргі таңда осы кезеңнен өттіп жатырмыз, сондықтан  оқушылармен өзіміздің жеке тәжірибемізбен бөлісе отыра оларға  көмек қолын соза аламыз.

Сонымен қатар, осындай конференцияларды ұйымдастыру біздің болашақта балалармен тиімді жұмыс істеуімізге тәжірибе бола алады. Яғни, біз конференция барысында берілетін  ақпараттың қызықты, сапалы, әрі есте жеңіл, тез сақталатындай болуын қадағаладық. Себебі, мәліметтерді дұрыс жүйелемесек конференцияға қатысып отырған оқушылар өздеріне керекті деген  ақпаратты өткізіп алулары мүмкін еді.Осы жайттарды ескере отырып,біздің скауттар тобы мен Қостанай педагогикалық колледжінің оқытушылары аталған іс-шараны жоғарғы деңгейде ұйымдастыра білді.

Қазіргі уақытта қашықтықтан оқыту жағдайында мектеп түлектерін кәсіптік бағдарлау жұмысы, онлайн білім беру платформаларын қолдана отырып жүргізу сәнге айналды. Бұл бізге, ауыл мектептеріне бармай-ақ, онлайн форматта оқушылармен профорентациялық жұмыс жүргізуде өте тиімді, әрі ыңғайлы болды. Жалпы ұйымдастырылған конференция ауқымды болып шықты. Біздің колледж оқытушыларымен дайындаған мәліметтеріміздің заманауилығы мектеп оқушылары мен мұғалімдерін таңғалдыра алды. Конференция барысында трансляция, интерактивті ойын сапасы жоғары деңгейде қамтылды. Мектеп оқушылары конференцияға ат салыса отырып, өз ойларымен бөлісе білді.

Өткізілген іс-шара барысында мектеп оқушылары біздің оқу орнымыз туралы көптеген қызықты мәліметтер ала алды. Осы арқылы оқушылардың біздің колледжге оқуға, білім алуға келетіндеріне үміттене аламыз.

Осындай кездесулерді педагогтармен бірге студенттердің өткізгені дұрыс деп есептейміз. Себебі, мектеп оқушылары біздің қысқа және нақты сөйлеуімізді тез қабылдай алады деп ойлаймыз. Мұндай кездесуді дайындау кезінде колледжіміздің жағымды жақтарын, кең материалдық базасы туралы айту дұрыс. 

Сөзсіз, әр адамның өміріндегі ең маңызды оқиғаларының бірі, болашақ мамандық таңдап, осы мамандықты игеру үшін қай оқу орнынан білім алатыны маңызды. Бұл күрделі таңдауда үлкен көмек - "Ашық есік" шарасы, онда толғандыратын сұрақтарға жауаптарды білуге және шын мәнінде жаныңа жақын мамандықты табуға болады. Сондықтан оқушылар үшін әр түрлі нұсқаларды зерттеу мәселесі әрқашан өзекті. Осылай қашықтықтағы форматқа қарамастан, ҚПК скауттары мен оқытушылары берілген іс-шараның барлық функцияларын толық орындап, тиімді онлайн-конференция ұйымдастыра білді.

Айта кететін жайт, интерактивті ойынды өту барысында біз конференция бойы берілген материалдың толық, әрі тиімді игерілгенін байқадық. Себебі, мектеп оқушылары берліген сұрақтарға тез, әрі көбісі дұрыс жауап бере алды. Сонымен қоса, бұл оқушылардың конференцияға деген шын қызығушылықтары байқалды.

Қорыта келе, ұйымдастырылған конференция мектеп оқушылары мен мұғалімдерге ұнады. Конференция аяғында оқушылар бізге көптеген сұрақтар қойып, болашақта біздің оқу орнымызға білім алуға келетін ниет білдірді. Скаут тобы мен колледж оқытушыларының ұйымдасқан, ынтымақтасқан жұмысы конференцияның сәтті,пайдалы, тиімді өтуіне мүмкіндік берді.

Мурзахметов Кеншілік Ак-21,Мурзагалиева Аружан Ак-41,

Вакуленко Владислав Ак-31 

Прочитано 1600 раз

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


Государственные сайты

Наше видео