КГКП «КОСТАНАЙСКИЙ ВЫСШИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ»

Управления образования акимата Костанайской области

 Основан в 1963 году                 

г.Костанай, ул. Быковского 9,  корпус 1Б
Учебная часть: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Написать нам

На специальности 01140100 Педагогика и методика начального обучения, квалификации 4S01140101 Учитель начального образования, русский язык обучения, 3 курс, на базе основного среднего образования освободилось одно бюджетное место.

Архив новостей

« Май 2024 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Среда, 10 марта 2021 16:25

Кәсіптік білім беру онкүндігі!

Жастарды еңбекке баулу және мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт беру маңызды  істердің бірі. Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер етеді. Болашақтағы кәсіби мақсатына дұрыс бағыт алған

оқушы бойындағы   қабілетін шығармашылықпен дамыта білсе сапалы маман ретінде қалыптасатыны белгілі.
Осы мақсатта Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай педагогикалық колледжі» КМҚК  кәсіптік бағдар беру апталығы аясында Онкүндік іс-шара  өткізді. Кәсіби бағдар беру онкүндігінің салтанатты ашылуы қашықтықтан өткізілді. Сонымен қатар «Біздің колледжді таңда!» кәсіптік бағдар беру бойынша бейне байқау конкурсы өткізілді. Конкусқа колледжден 12 топтың студенттері  белсенді қатысты. Бейне байқау конкурсында І орынға РТК-31 тобының студенттері мен кураторы Доспанова Салтанат Муратовна ие болды. Ал ІІ орынға У-41 тобының студенттері мен кураторы Юсова Лилия Владимировна. ие болса,  ІІІ орынға Т-31 және Ак-31 тобының студенттері мен кураторлары (Жармухамбетова Алтынгуль Алдабергеновна, Арыстан Нұралы Нұрланулы)  ие болды.
Облыстық «Үздік кәсіби бағдар беруші» байқауына филология кафедрасының оқытушысы Ткаченко Татьяна Евгеньевна қатысуда. Татьяна Евгеньевнаны қолдау мақсатында әлеуметтік желілерде ақпараттар жарияланды және оқытушылар мен студенттер қолдау көрсетті.
Кәсіптік бағдар беру жұмысы бүгінгі таңда ең көп талқыланатын тақырып және жиі көтерілетін өзекті сұрақтардың қатарында.   Онкүндіктің жабылуында 42 қатысушы  мақтау қағаздарымен марапатталды. Атап айтсақ, 33 студент және 9 оқытушы.

Қостанай педагогикалық колледжінің
қабылдау бөлімінің жауапты хатшысы
Сейлова Ляззат Алдабергеновна

Прочитано 1203 раз

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


Государственные сайты

Наше видео