КГКП «КОСТАНАЙСКИЙ ВЫСШИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ»

Управления образования акимата Костанайской области

 Основан в 1963 году                 

г.Костанай, ул. Быковского 9,  корпус 1Б
Учебная часть: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Написать нам

На специальности 01140100 Педагогика и методика начального обучения, квалификации 4S01140101 Учитель начального образования, русский язык обучения, 3 курс, на базе основного среднего образования освободилось одно бюджетное место.

Архив новостей

« Май 2024 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Среда, 14 апреля 2021 14:15

МУЗЫКА – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӨНЕР ТІЛІ

Оцените материал
(6 голосов)

«Туғанда дүние есігін ашады өлең» - дейді хәкім Абай. Қазақтың ұлы ақыны сондай-ақ «Құлақтан кіріп, бойды алар Жақсы ән мен тәтті күй» деп тамсанып, оның «Көңілге түрлі ой салар» құдіретін анықтай түседі.

Әлем ойшылдарының да бұл тақырыпта айтқан қанатты сөздері көп.

Музыка, шынында да, адамзатпен бірге жасасып келе жатқан, дәуірлер алмасқан сайын түрленіп, жаңарып, жасарып отыратын өнер түрі. Ал, дәстүрлі ән-күй, терме-жыр, қисса-дастандар ұлттық болмысымыздың ажырамас бір бөлшегіне айналғалы қашан. Қобыз бен домбыраның тереңіне бойласаң, сонау көк түріктерден әрі көне замандардың сарыны естілгендей. Зерттеуші ғалымдар  XIX ғасырды қазақ әнінің «Алтын ғасыры» деп бірауыздан мойындайды. Оның бәрін сақтап, бүгінгі күймен үйлестіру - осы салада жүрген жандардың парызы. Бұл ретте Елбасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған: «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күй­лері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы...» деген сөздер басты ұстаным болуы қажет. Және ұлттық шеңбермен шектеліп қалмай, қазіргі өркениеттің оң үдерістерін де үйренсек, одан ұтылмасымыз анық.

«Рухани жаңғырудың» төрт жылдығы қарсаңында, ағымдағы жылдың 12-16 сәуір аралығында, Қостанай  педагогикалық колледжінің «Музыка» кафедрасында тағылымды апталық ұйымдастырылды. «Музыка – халықаралық өнер тілі» атты тақырыпта өткен іс-шарада музыканың түрлі жанры бойынша білікті мамандар тәжірибе алмасты.

Атап айтсақ, джаз жанрының шығу тарихы, орындалу ерекшеліктері туралы  Т.Е. Исмағұлов, Ж.А. Рыспаев өз шеберліктерін көрсетсе, талай шәкірттерді қанаттандырған тәжірибелі ұстаздар Ю.В. Лопарева, Н.А. Авдеева осы жанрды оқытудың заманауи әдістерін қолдана отырып, дауысты қалыптастыру және дамыту жолдарымен бөлісті.

Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін анықтау мақсатында жас маман А.С. Сағымбаева ұйымдастырған "Әуенді тап" музыкалық викторинасы мен А.Ю. Әбішова өткізген «Балалар күні» апталықтың мағынасын арттыра түсті.

Бүгінде елімізге белгілі дирижерлер Б.Е. Оразалин мен А.Б. Өтебаев, Т.С. Мызин сынды кәсіби музыканттар халық астаптары оркестрлерінің жұмыс әдістерін білім алушылар алдына жайып салып, олардың сұрақтарына жауап берді. Олар оркестрлік және ансамбльдік ұжымдардың қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды. Шеберлік сыныптарын көрсетті. Аталған үш дирижердің Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясында көп жылдан бері қызмет істейтінінде айта кеткен жөн.  

Апталық қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарымен түйінделді. Олардың құрылымы, өзіне тән үні, ерекшелігі жайлы кең мағлұмат берілді. Дәстүрлі өнерлі жалғап жүрген шебер орындаушылар Б.Қ. Байназаров (Қазақ халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі), Б.А. Нұрғалиева, Д.Қ. Рысбеков, А.Қ. Бактығалиев, Ә.К, Ысқақовалар қазақ ұлт аспаптарының тарихын баяндап, орындалу ерекшеліктерін үйретті. Теорияны тәжірибемен ұштастыратын тәжірибелік сағаттардың ұстаздар үшін де, білім алушылар үшін де пайдасы ұшан-теңіз.

Қорыта айтқанда, «Музыка – халықаралық өнер тілі» апталығы көне ғасырлар мен қазіргі күнді байланыстырған мағыналы апталық болды деп айтуға толық негіз бар. Қостанай  педагогикалық колледжінің қабырғасында мұндай шаралар жиі өткізіліп тұрады.

Қостанай  педагогикалық колледжінің

оқытушысы Н.Г. Жатканов

Прочитано 1290 раз

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


Государственные сайты

Наше видео