Ұстаз! Осы сөзді айтқанда, естігенде жүрегіңе жылулық сезімі ұялайды. Ия, ұстаз- мақтан тұтар мамандық. Өмірдегі көп мамандықтардың ішіндегі жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, мейірімділікті қажет ететін де осы ұстаздық мамандығы. Әрбір шәкірттің жүрегіне жол таба білу әрбір ұстаздың міндеті.Сол себепті де кафедра жұмыстары да білім сапасын және шәкірттермен жұмыс жасау кезеңдерін дұрыс жолға қоюға бағытталған.
29 қыркүйек күні мектепке дейінгі тәрбие кафедрасында кафедра отырысы болды. Кафедра отырысында ағымдағы сұрақтар қарастырылды:
1) «Қазақстанның инновациялық білім беру жағдайында « мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығына оқытудың кредиттік-модульдік технологиясын енгізу» баяндама;
2) 2021-2022 оқу жылына ашық сабақтар, практиканың ашық күндерін өткізу кестесін бекіту;
3) Кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспарын бекіту;
4) Аралық аттестаттау материалдарын қарау (қысқы сессия).
Сонымен қатар әдістемелік кеңесте ұсынылған мәселелер қарастырылды. Кафедра оқытушылармен кафедра күнін өткізу сұрақтарын бірлесе отырып қарастырылды. Ұстаз-жоғары, беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Сондықтан әрбір шәкірт, өзіне үлгі- өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. «Ұстаздық - ұлы құрмет» - барлық колледж оқытушыларын алда келе жатқан мұғалімдер күнімен құттықтаймыз. Еңбектеріңіздің жемісін көруге тілектеспіз.
Абжанова А.К., Қостанай педагогикалық колледжінің оқытушысы