КГКП «КОСТАНАЙСКИЙ ВЫСШИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ»

Управления образования акимата Костанайской области

 Основан в 1963 году                 

г.Костанай, ул. Быковского 9,  корпус 1Б
Учебная часть: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Написать нам

В общежитии КГКП «Костанайский высший педагогический колледж» Управления образования акимата Костанайской области имеются 4 свободных места. Стоимость проживания в общежитии 18 000 т. в месяц.

Архив новостей

« Декабрь 2024 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Понедельник, 01 ноября 2021 13:16

Өнер, білім – бәрі де оқуменен табылған

Оцените материал
(3 голосов)

   Қостанай облысы әкімдігі білім Басқармасының «Қостанай педагогикалық колледжі» КМҚК 2021 жылдың 25 мен 30 қазан аралығында филология кафедрасы апталығы өтті. Мақсыты: Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен шығармашылығын

кафедра оқытушылары мен студенттердің оқу-тәрбие қызметінің призмасы арқылы насихаттау.
    25 қазан күні колледж педагогтары мен студенттерінің қатысуымен Филология кафедрасының апталығының ашылуы өтті.  Ұйымдастырушылар Кенжегарина А.А. мен Юсова Л.В. жағымды көңіл-күй қалыптастыра отырып, кафедра апталығының іс-шаралар жоспарымен таныстырды.
   Осы күні 1 курс студенттеріне «Ұлы жердің ұлы перзенті» атты Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналған фильмінен үзінді көру ұсынылды.
   26 қазан күні оқытушы Жармухамбетова А.А. «Сенімхат» тақырыбы бойынша Ак-41 тобында  «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» пәні бойынша «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білімімен ашық кіріктірілген сабақ өткізді. Оқытушы студенттерге сенімхат үлгісін жазуға үйрете отырып, «Іс жүргізу»  пәнін «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімімен интеграциялай білді. Студенттерге бір-біріне сену, сенім білдіру  туралы әңгімелей отырып, олардың қарым-қатынастарын нығайтып, сыйластыққа, бір - бірінің пікірін тыңдап, сенім білдіруге тәрбиелей білді.
   Оқытушылар Ткаченко Т.Е. мен Юсова Л.В. Ак-11 тобында «Тема памяти и манкуртизма»  тақырыбы бойынша орыс тілі мен әдебиеті пәнінен біріктірілген ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында «Өзін-өзі тану» адамгершілік рухани білім берудің жаңартылған мазмұны тәсілдері арқылы ұрпақтар тарихы мен отбасылық құндылықтарға тұрақты қызығушылықты қалыптастыра білді.
   Осы күні оқытушы Арыстан Н.Н. «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша бітіруші топ студенттерін жұмысқа орналастыруға ынталандыру мақсатында  «Жас маманмен сұхбат» дөңгелек үстелін өткізді. Дөңгелек үстелге колледж түлектері, Қостанай ауданы, Мичурин жалпы білім беретін мектебі басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Казыбаев Ерасыл Манасович және Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный жалпы білім беру мектебінің бастауыш сыныптарында ағылшын тілі мұғалімі, әрі А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің ағылшын тілі мамандығының қашықтықтан оқыту бөлімінің 1 курс студенті Касенова Аружан Кенжебаевна қатысып, өздерінің еңбек жолдарындағы қызықтары мен қиындықтары туралы пікірлерімен бөлісті. Өздерінің қазіргі таңдағы қызмет жолы, жоғары оқу орындарында жалғастырып жатқан оқуы жайында ақпараттар беріп өтті. Ісшара барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.
   27 қазан күні «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша бітіруші топ студенттеріне арналған «Алтын қалам» каллиграфия бойынша байқау өткізді. Оқытушылар Арыстан Н.Н. мен Ткаченко Т.Е. осы байқау барысында студенттердің жазу мәдениетін дамыта отырып, Ы.Алтынсариннің шығармашылығына қызығушылықтарын дамыта білді.
   Тәуелсіз және егемен Қазақстан Республикасы өзінің даму жолында ғылыми-техникалық, ақпараттық, саяси, экологиялық және рухани қамтылудың жаңа деңгейіне шықты. Еліміздің өміріндегі осындай өзгерістер білім беруді, оның сапасын қайта қарауды талап етеді.  Соңғы жылдардағы білім беру ісі біздің мемлекетіміздің дамуының шешуші сферасына айналуда. Кез келген мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үрдісінде жаңашылдық және сапалы білім жетекші роль атқаратыны белгілі. Елдің экономикалық өсуінің 40% сапалы білімге тәуелді. Осыған байланысты  28 қазан күні кафедра оқытушыларының ұйымдастыруымен «Ыбырай Алтынсарин – халық педагогикасы және қазіргі білім беру» атты халықаралық ғылыми-педагогикалық конференция өтті. Бұл конференцияда қазақ  халқының ағартушысы Ыбырай Алтынсарин - аса көрнекті ағартушы, этнограф ғалым, қазақ әдеби және жазба әдеби тілінің негізін қалаушы, ақын, дарынды жазушы, орыс графикасы негізінде қазақ әліпбиін (алфавитін) жасаушы жаңашыл педагог, қоғам қайраткері екенін ТМД (соның ішінде Ресей, Белорус, Қазақстан) елдерінің оқытушылары дәлелдей отырып, өз пікірлерімен бөлісті. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция онлайн өткізіліп, тікелей трансляция коледждің Facebook ресми парақшасында жарияланды.  
https://www.instagram.com/p/CVj0Wd4NhF5/?utm_medium=copy_link сілтемесі арқылы толық ақпарат ала аласыз.
   Ы. Алтынсарин қазақ балаларына арналған мектеп ашумен бірге онда қызмет істейтін, балаларды оқытып, тәрбиелейтін мамандарға, яғни айтқанда, мұғалімдерді дайындауға ерекше мән берген. Ол мектептегі басты тұлға мұғалім деп есептеген.  «Халық мектептері үшін ең керектісі - оқытушы. Тамаша жақсы педагогика құралдары да ең жақсы өкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілген инспекторлар бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды. Сондықтан да мен жақсы оқытушыны дүниедегі заттың бәрінен де қымбат көремін»,- деп Ы.Алтынсарин өз пікірін білдірді. Осындай ұлы ұстаздың әріптестері болғанымызды мақтан тұта отырып, Ыбырай қызметін жалғастырып келеміз. Ы.Алтынсариннің педагогикалық мұрасы – бұл көптеген педагогика саласындағы мәселелер көрініс тапқан тұтастай педагогикалық жүйесі деп тану керек. Ыбырай Алтынсарин білім беруді әлеуметтік ортаны қайта құрудың басты құралы ретінде қарады.
   Ұлы ұстаз елдің басты байлығы – адам, ал білім – кез келген жаңа өмірді жасаудың  қайнар көзі, адам білімімен мемлекеттің дамуының базалық стратегиялық ресурсын құратынын жақсы білген.  Білім – бұл жекелеген адамның, тіпті тұтастай елдің табысының негізі.
Ұлы ұстаз отандық мектептің білім берудегі мақсаттарын халықтың сұранысы анықтайтынын атап көрсетеді. Оның көзқарасынша, өз халқының өкілі ретінде жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерін, жоғары мәдени деңгейін, қоғамда лайықты өз орнын табуды қамтамасыз ететін  - бұл мектептегі берілетін нақты білім.  
   Конференция барысында мұғалімдер Ы.Алтынсарин мұраларын насихаттап, төзімділік, тәрбиелілік, педагогикалық идеялар туралы пікір алмасты. Конференция қатысушылары 1,2,3 дәрежелі дипломға ие болды.
   28 қазан күні оқытушы Жармухамбетова А.А. ұйымдастыруымен «Ы.Алтынсарин шығармалары – тәрбиенің алтын діңгегі» тақырыбында Ы.Алтынсариннің әңгімелерін сахналау бейнеролигі КПК life You Tybe  каналында жарияланды. Бұл іс-шараның мақсаты оқушылардың еңбекке деген қызығушылықтарын ояту, Ы.Алтынсарин шығармалары арқылы тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу. Оқушылар Ыбырай әңгімелерін түсініп оқып, сахналай білді. 1 орынды Т-11тобы, 2 орынды У-11б, РХК/Муз-11 тобы, 3 орынды Ар-11 тобы мен М-11 топтары бөлісті.
https://www.youtube.com/watch?v=83n_7e2rZMY сілтемесі арқылы бейнебаянды қарай аласыз.
Қорыта  айтқанда, кафедра оқытушылары студенттермен әртүрлі жұмыс жүргізу арқылы, халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізу арқылы Ы.Алтынсарин шығармалараны дәріптеп, насихаттай білді. Ұлы ұстаз салған дара жол өз жалғасын таба бермек.

Филология кафедрасының оқытушысы
Жармухамбетова Алтынгуль Алдабергеновна




Прочитано 1976 раз

Медиа

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


Государственные сайты

Наше видео