КГКП «КОСТАНАЙСКИЙ ВЫСШИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ»

Управления образования акимата Костанайской области

 Основан в 1963 году                

г.Костанай, ул. Быковского 9,  корпус 1Б
Учебная часть: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Написать нам

На специальности 01140100 Педагогика и методика начального обучения, квалификации 4S01140101 Учитель начального образования, русский язык обучения, 3 курс, на базе основного среднего образования освободилось одно бюджетное место.

Архив новостей

« Апрель 2024 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          
Среда, 10 ноября 2021 11:41

Еңбек етсең ерінбей......

Бүгін яғни,09 қараша күні «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің апталығы өтті. Апталығымызда бөліміз әр педагог өзінің күнделікті жұмыс әректтерімен бөлісті .Менде өзімнің 1-2-3 курс студенттерімен жүргізіп жүрген жұмысымды көрсетуді ұйғардым.

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінде 4 жылдай театр қуыршақтары үйірмесін жүргізіп келемін. Үйірмеге  әр топтан барлығы 20 студент келіп жүр.Әрине жаңа келген студенттермен бірден ертегіні сомдау оңай емес.Соған қарамастан алдыма келген әр студентпен жеке жұмыс жасауға тура келеді.Ортаға шығуға ұялатын студенттер өте көп.Ең бірінші театр ,сахна және ойналатын қуыршақтар туралы мәлімет берем.
Театр-бұл халықтың эстетикасы адамгершілік пен жақсы тәрбие үшін ең маңызды құрал. Оның ерекшелігі, яғни іс-әрекеттің сипаты драмалық көрініс арқылы ашылады, ол мазмұнның негізі, сахналық көріністің идеологиялық және эстетикалық негізі болып табылады. Театр әдеби шығарманы театрлық әрекетпен, ерекше театрлық өрнекпен өзгертеді және драма кейіпкерлерін жандандырады, олардың қарым-қатынасы мен қақтығыстарынан туындаған даулар мен әрекеттерді жандандырады. Осыған байланысты бізде үйірмеге қатысу арқылы әртістік қабілетімізді дамытуға қалыптастыруға тырысып жатырмыз.Осы екі ай ішінде «Мақта қыз бен мысық» ертегсін сахналап ойнап отырмыз. Біз бүгін Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерей тойына байланысты, Ыбрай атамыздың балаларға арналған «Мақта қыз бен мысық» ертегісін бейнематериалға түсіріп, сіздерге ұсынып отырмыз.

09.11.2021 жыл
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің педагогы: Рахпанова Б.Г.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


Государственные сайты

Наше видео