КГКП «КОСТАНАЙСКИЙ ВЫСШИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ»

Управления образования акимата Костанайской области

 Основан в 1963 году                

г.Костанай, ул. Быковского 9,  корпус 1Б
Учебная часть: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Написать нам

На специальности 01140100 Педагогика и методика начального обучения, квалификации 4S01140101 Учитель начального образования, русский язык обучения, 3 курс, на базе основного среднего образования освободилось одно бюджетное место.

Архив новостей

« Май 2024 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    
Пятница, 18 февраля 2022 16:53

«Менің мамандығым - менің мақтанышым»

   «Ұстаз болу – жүректің батырлығы» деп ақын Ғ.Қайырбеков айтқандай ұстаздық жол ауыртпашылығы мен жауапкершілігі мол мамандық. Мұғалімге деген сұраныс пен талап әрқашанда жоғары. Келер ұрпаққа білім беріп қана қоймай оларды ертеңгі өмірге, қоғамға лайықты тұлға етіп тәрбиелеуде осы мұғалім міндетіне жатады.

Осы орайда педагог мамандығын дәріптеу мақсатында  2022 жылы 17 ақпан күні Қостанай педагогикалық колледжінің оқытушылар А.Б.Сандыбаева, З.М.Байнакатова ұйымдастыруымен  «Менің мамандығым – менің мақтанышым» атты онлайн-конференция өтті. Сұхбат түрінде жүргізілген конференцияға  «Бастауыш білім беру» мамандығының бітіруші топ студенттері мен өз еңбек жолдарымен бөлісу мақсатында колледж түлектері қатысты. Қазіргі таңда Қостанай қаласының №24 мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Мухамбетова Анель Муратовна, Мичурин жалпы білім беретін  мектебі басшысының  тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Казыбаев Ерасыл Манасович, Малокановка орта мектебінің оқу-ісінің орынбасары Ғазез Нұрымхан Танатқанұлы қатысып, өздерінің еңбек жолдарындағы қызықтары мен қиындықтары туралы пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар қазіргі таңдағы қызмет жолы, мұғалім мамандығының қиыншылықтары мен артықшылықтары жайында ақпараттар беріп өтті. Іс-шара барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды. Жас маман үшін алдағы жолын анықтап алу, еңбек жолына бағыт алу өміріндегі маңызды таңдаулардың бірі. Конференция барысында колледжіміздің студенттері өздеріне өмірлік тәжірибе жинап, көкейде жүрген сұрақтарына жауап ала алды деп ойлаймыз.

М-41 тобының студентті
Тоқтарбай Жаниэлла

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


Государственные сайты

Наше видео