Форум оқушылар мен студенттердің ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға, кәсіби өзін-өзі анықтауға, Soft Skills дағдыларын дамытуға және белсенді өмірлік ұстанымды тәрбиелеуге бағытталған.
28 ақпан күні форумның салтанатты ашылуы болды, сондай-ақ «Болашақ мамандыққа қадам», «Интернеттегі өшпенділік және төзбеушілік тілі» шеберлік-сыныптары мен «20 ғасырдың аяғы мен 21 ғасырдың басындағы Қазақстанның орыс тілді әдебиетінің даму болашағы мен мәселелері» атты дискуссия өткізілді.
Ал 01 наурыз күні студенттер мен оқушылар «Болашақтың құзыреттіліктері кәсіби өз-өзін анықтау факторы ретінде: сәтті мансап үшін Soft Skills» пен «Дебат ойнау өнері» шеберлік-сыныптарында өз біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік алды.
Сондай-ақ форумның екінші күнінде «Лингвистика мен лингвомәдиниет» пен «Біілім берудегі инновациялық үрдістер» атты секциялар өз жұмысын атқарды. Нәтижесі келесідей болды:
1 орын: Теньшикова Карина, Ар-31 тобының студенті; Маковеева Ангелина, Ар-41 тобының студенті;
2 орын: Бутила Алена, У-23 тобының студенті; Кравченко Дарья, У-23 тобының студенті; Пузанкова Милана, У-31 тобының студенті.
3 орын Ибраева Карина, Ар-33 тобының студенті; Шабалина Юлия, У-41 тобының студенті
Студенттерді дайындаған ғылыми жетекшілер: Овражко Марина Евгеньевна, Кравченко Татьяна Николаевна, Байнакатова Зияда Мендыгалиевна, Алимбаева Гульшат Бисембаевна. Барлық студенттер мен жетекшілерін шын жүрегімізден құттықтаймыз!
Алимбаева Гульшат Бисембаевна,
оқытушысы