Осы уақыт аралығында халық дәстүрін қайта қалыпқа келтіру, өшкенін жаңғыртып, өлгенін қайта тірілту ісі жүріп жатыр. Осы орайда, түркі халықтарына ортақ наурыз мерекесін атап өту шаралары ел аумағында басталып кетті. Осыдан бірнеше жыл бұрын еліміздің батыс аймағында ғана атап өтілетін «Көрісу» (Амал) мерекесі бүгінде 14 наурыз күні бүкіл қазақ даласында тойланып жатыр. Бұл ұлттымыздың қатпарлы тарихымен біте қайнасқан мереке екенін танып білуіміздің арқасында. Әз-Наурыз мерекесін атап өту барысында Қостанай қаласы Л.Толстой атындағы облыстық әмбебап кітапхана қабырғасында мерекелік іс-шара өткізілді. Алалмыш іс-шараға колледжіміздің биылғы жылғы түлектері АҚ-41 тобы жетекшісі Арыстан Н.Н. бірге қатысты. Наурыз мерекесі қарсаңында дайындалатын тағамдар мен қазақтың ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрімен таныстыруды мақсат тұтқан мерекелік шара студенттерге өте қатты ұнады. Студенттер дайындалған тағамдардан дәм татып, салт-дәстүрлермен танысып қана қоймай әсем ән тыңдап, қазақ халқы киелі деп таныған Қыдыр атасынан бата алды.
«Ұлт боламын десең, бесігіңді түзе» деп халқымыз текке айтпаса керек. Санаулы айлардан кейін колледжімізді тәмамдап, жаңа өмірге аяқ басатын түлектерімізді ұлт құндылықтарды бойына сіңіріп, өскелең ұрпаққа дәріптей білетіндей етіп тәрбиелеу колледжіміздің негізді міндетті.
АҚ-41 тобының студентті
Төлеу Рәушан
куратор Арыстан Нұралы