КГКП «КОСТАНАЙСКИЙ ВЫСШИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ»

Управления образования акимата Костанайской области

 Основан в 1963 году                 

г.Костанай, ул. Быковского 9,  корпус 1Б
Учебная часть: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Написать нам

В общежитии КГКП «Костанайский высший педагогический колледж» Управления образования акимата Костанайской области имеются 4 свободных места. Стоимость проживания в общежитии 18 000 т. в месяц.

Архив новостей

« Декабрь 2024 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Четверг, 12 мая 2022 13:39

Филология кафедрасының отырысы

Оцените материал
(2 голосов)

Сәуір айында филология кафедрасының кезекті отырысы өтті. Отырыс 2021-2022 оқу жылы жопарына сәйкес жүргізілді. Бірінші кезекте кафедра меңгерушісі Кенжегарина А.А. өткен кафедра отырысының шешімінің жүзеге асырылуы бойынша ақпарат беріп, отырыс күн тәртібімен таныстырды.

 Кафедраның қазақ тілі мен  әдебиеті пәнінің оқытушысы Арыстан Н.Н. қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудағы тәжірибесімен бөлісті, оқытуда қолданатын тиімді әдіс-тәсілдері және кеңірек дебат технологиясына тоқталды.

Оқытушы Жармухамбетова А.А. мемлекеттік тілде іс жүргізу пәнінің оқыту сапасына талдау жасады. Оқытушы сабақта келесі педагогикалық технологияларды пайдаланады: ойын технологиялары, проблемалық оқыту, оқу-зерттеу жұмысын ұйымдастыру технологиясы, жобалау әдісі, ақпараттық-комуникациялық технологиялар. Осы технологиялардың ішінде ойын технологиясының алатын орны ерекше екенін айтты.

«Оқу орыс тілде жүретін топтарда мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуді оқытатын оқытушылардың басты мақсаттарының бірі – білімалушының оқу, таным белсенділігін арттыру, білімалушыны пәнге қызықтыру, ынталандыру. Осы мақсаттарға жету үшін сабақтарда интекактивті әдістерді жиі қолдану керек. Ойынды тиімді қолдану білімалушыны сол тілде сөйлеуге жаттығуына  мол мүмкіндік береді. Ойын элементтері белгілі бір мақсатта, тілді меңгеруге деген қызығушылықты оята отырып, орындаушылық қабілетке де жетектейді», - деді пән оқытушысы.

Үшінші кезекті кафедраның кәсіби бағдар жұмысына қорытынды жасалды. Ай сайын кәсіби бағдар бойынша жұмыс жүргізіліп отырылады. Кафеда Ұзынкөл ауданы мен қаланың №9 орта мектебімен №122 орта мектебіне жауапты. Онлайн форматына осы аталған мектептермен кездесу өткізілді.

Күн тәртібіне қойылған барлық мәселелер қарастырылып, шешімі шығарылды.

Кафедра меңгерушісі

Кенжегарина А.А.

Прочитано 1416 раз

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


Государственные сайты

Наше видео