КГКП «КОСТАНАЙСКИЙ ВЫСШИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ»

Управления образования акимата Костанайской области

 Основан в 1963 году                 

г.Костанай, ул. Быковского 9,  корпус 1Б
Учебная часть: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Написать нам

В общежитии КГКП «Костанайский высший педагогический колледж» Управления образования акимата Костанайской области имеются 3 свободных места. Стоимость проживания в общежитии 18 000 т. в месяц.

Архив новостей

« Декабрь 2024 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Понедельник, 26 августа 2024 16:25

Абай – әлемдік мәдениеттің тұлғасы

Оцените материал
(3 голосов)

Абай Құнанбаев (1845-1904) – ұлы ақын, жазушы, қоғам қайраткері, ағартушы, қазақ жазба әдебиеті мен әдеби тілінің негізін қалаушы.

Абай халықтың таным көкжиегін кеңейтуге ықпал ету үшін шығыс және батыс мәдениеттерін жан-жақты зерттеп, олардың үздік үлгілерімен таныстырып отырды. Ұлы Абайдың Қара сөздері – педагогикалық, тәрбиелік тұжырымдар, олар қазақ ұлттық педагогикасына қағба-бағдар ретінде енді. Абай өлеңдері еңбекке, ғылымды сүюге, өнерге, адамгершілікке тәрбиелейді. Абай тұлғасы – отандық мәдениет пен әдебиетте салмақты орын алады.

Ағымдағы жылдың 9 – 25 тамызы аралығында Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және ауыз әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтің туған күніне арналған іс-шаралар өтті.

Абайдың ұшқыр ойы – терең мағыналы, әр біреуі әртүрлі тамырлы. М.Әуезов айтқандай-ақ «Абай кемесі кең әлемде сенімді, түзу жол сызып, маңып барады». Бүгінгінің күнімен Абай тек қазақтың ғана емес, бүкіл жұртшылықтың ғұламасы болды. Себебі, өзін-өзі басқара алатын, көзі ашық адамзат қоғамы Абайдың саяси идеалына айналды. Абайдың білім мен адами құндылыққа деген өшпес сенімі демакратияны ұстануға себеп болды. Сол үшін де әр кез әділеттілікті жақтап, даулы мәселелерді шешуде ол көптеген адами шиеленістерден жиіркенетінін білдірген болатын. Осылардың өзінен-ақ Абайдың өте күрделі тұлға екендігін аңғаруға болады.

Атап айтқандай кемеңгер ақынның әр сөзінің, әр өлең шығармаларының тәрбиеде де, тәлімде де алар орны биік. Ақын өз дәуірінен бастап-ақ кешегі мен бүгінгі қара қазақтың келер болашағын, олардың салт-дәстүрін, оқу білімі мен рухани мәдениетін, жастарды адамшылдыққа тәрбиелеу жолын сол заманнан бастап-ақ тынбай ойлаумен өтті. Жастарға тал есіктен тәрбие берер, бойына даралықтың қаны мен даналықтың жанын дарытар шығармалары бұл уақытта ешқашан өшкен емес. Өшпейді де.

Каскырбаева М.О., әдіскер

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


Государственные сайты

Наше видео