КГКП «КОСТАНАЙСКИЙ ВЫСШИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ»

Управления образования акимата Костанайской области

 Основан в 1963 году                 

г.Костанай, ул. Быковского 9,  корпус 1Б
Учебная часть: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Написать нам

В общежитии КГКП «Костанайский высший педагогический колледж» Управления образования акимата Костанайской области имеются 4 свободных места. Стоимость проживания в общежитии 18 000 т. в месяц.

Архив новостей

« Декабрь 2024 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Понедельник, 18 марта 2019 10:40

«Наурыз келсе, құт келгені» атты іс-шара қонағы болдық

Наурыз - шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі.

Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айландырған.  Шығыстың данышпандары Махмұд Қашқари, Омар Хаямнан бастап қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин сынды ұлт қайраткерлері де Наурыз туралы еңбектер, өлеңдер, асыл сөздер жазып қалдырған.

Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің,  бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Сондықтан да болар, бұл күні шаттанбайтын, қуанбайтын, мейірленбейтін адам болмаған.  Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алған.

15 наурыз күні білім атасы Ы.Алтынсариннің қарашаңырағында Наурыз  мерекесіне арналған «Наурыз келсе, құт келгені»  атты мерекелік іс-шара өтті. Қостанай педагогикалық колледжінің Т-11 тобы студенттері осы мерекеге қонақ ретінде шақырылды. Мемориалдық мұражай қызметкерлері дайындаған  наурыз көжеден ауыз тидік. Іс-шара барысында әсем ән мен тәтті күйден басқа қазақ халқының салт-дәстүрлері тұсау кесу мен беташардан көрініс көрсетілді. Студенттер көріністерді тамашалап қана қоймай, салт-дәстүрлеріміздің тарихын, берер тәрбиесін өз бойларына сіңіре түсті.  Қонаққа біз де өз жолымыздан жаңылмай би-шашуымызды ала бардық. Т-11 тобының студенттері Калелова Аида, Кобанбаева Дильназ, Кенжебаева Еркеназ «Гүлдер» биін билеп, көрермен көзайымы болды. Іс-шара ұйымдастырушыларына алғысымызды айта отырып, Ұлыстың ұлы күні біз мұсылман қауымына исламның жеті байлығын тілейміз. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын ағайын! 

Т-11 тобының жетекшісі

Жармухамбетова А.А.

 

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


Государственные сайты

Наше видео