КГКП «КОСТАНАЙСКИЙ ВЫСШИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ»

Управления образования акимата Костанайской области

 Основан в 1963 году                 

г.Костанай, ул. Быковского 9,  корпус 1Б
Учебная часть: +7 (7142) 26 26 41

kost_kpk@edu.mail.kz

Написать нам

В общежитии КГКП «Костанайский высший педагогический колледж» Управления образования акимата Костанайской области имеются 4 свободных места. Стоимость проживания в общежитии 18 000 т. в месяц.

Архив новостей

« Декабрь 2024 »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Понедельник, 03 февраля 2020 11:41

Оқыту үрдісіндегі жаңа инновациялық технологиялар мен сапалы білім берудегі арнайы пән оқытушыларының құзіреттілігі

Оцените материал
(20 голосов)

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Колледж – үйрететін орта, оның маңызды, атқарушы тұлғасы – оқытушы.. Ізденімпаз оқытушының  шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, оқушы жүрегіне жол таба білуі.

Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр оқытушының борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, білім беретін мекемесін шексіз сүйетін адам. Еліміздің ертенгі тірегі – болашақ жастарымыздың сапалы білім алуы. Бүгінгі қоғам үшін сапалы маман даярлауға бағытталған білім берудің қазіргі жүйесі кешенді даму. Жаңа технологияны меңгеруде оқытушының жан-жақты білімі қажет. Қазіргі оқытушы құзіреттілігі:

Педагогикалық үдерісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;

Педагогикалық өзгерістерге тез сінетін;

Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;

Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;

Білімді, іскен,шебер оқытушы сипатымен анықталады.

Қостанай педагогикалық колледжі ұжымының басты мақсаты: студенттерге сапалы білім беру, қазіргі заман талабына сай білім беру мен инновациялық технологияларды пайдалана отырып, өз отаның, тілін, дінін, құрметтей отыра, әлеуметтік үрдістерге қалыптастыруда сұранысқа ие маман даярлау.

Колледже бүгінгі таңда білім беру ақпараттандыру формалары мен құралдары өте көп.Оқу процесінде ақпараттық және коммуникациялық құралдар мүмкіндігін комплексті түрде қолдануын жүзеге асыру, көп функционалды электронды оқу құралдарын құру және қолдану жүргізілуде.Сонымен қатар колледжіміздің әдістемелік орталығында инновациялық тәжірбиелер алмасуды жандандыру бағытында, коммуникациялық құзырлылығын жетілдіру, материалдық техникалық қорды Мемлекеттік білім стандарты талаптарына сай бекіту, білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұның жетілдіру мақсатында жұмыстар жасалып жатыр. Колледжде студенттердің ақпараттық технологиямен байланысуы жылдан-жылға артып келеді. Интернет арқылы көптеген мәліметтер алады, білімін толықтырады.

 Электрондық оқулықтар мен интерактивті тақтаны өз дәрежесінде қолдануды үйренген студенттер зерттеуге құштар, дүниені аз уақытта танып білетін, байланыс туралы жеткілікті меңгерген технология саласының білгірі болады.  Мұның бәрі біздің өркениетті дамытуымыздың, әлемдік ақпаратты пайдалану мүмкінділігіміздің мол екендігін көрсетеді.

  Оқу –тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдалағанда, оқытудың нәтижелі, білімнің сапалы болатындығы және ең бастысы студенттердің пәнге деген жауапкершілігі, қызығуы күшейеді.

 Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірбиені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын,жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады, және өзін-өзі қалыптастырады. Жиырма бірінші ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселелері – кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Сол үшін бізге сапалы білім және саналы тәрбие қажет.

Қорытындылай келе, жалпы білім алу – адам баласының, сөз жоқ, өз болашағын қалыптастыруға, ой-санасын өсіруге деген қадамы. Тұңғыш Елбасымыздың сөзінде айтылғандай, оқу-білім жүйесінің реформалануы – сапалы біліммен қаруланған жас маманды даярлап шығу.Сол жолда оқу орындары қазіргі заманғы технологиямен жабдықталып, студенттің сапалы білім алуына қолайлы жағдайларды қарастыру қажет. Оларды тек қана диплом алуы үшін емес,инновациялық жүйе бойынша ғылымға, жаңа технологияларды меңгеру іліміне оқытып, еңбекпен қамтамасыз етіп, қызметте өсуіне жол ашу керек. Міне сонда ғана біз барымызды үстеп, жоғымызды түстейміз.

Айсауле Таскенова

Шет тілдер кафедрасының

ағылшын тілі оқытушысы

 

Прочитано 1962 раз

1 Комментарий

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.

БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ

Читать


Государственные сайты

Наше видео